Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларына экскурсия

Автор:   •  Декабрь 19, 2022  •  Курсовая работа  •  6,316 Слов (26 Страниц)  •  215 Просмотры

Страница 1 из 26

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

        Курстық жұмыс        

Тақырыбы: «Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларына экскурсия»

                                           

             Орындаған: 6В11101 «Туризм» білім бағдарламасы

 3 курс студенті Жаныкулова Л.С.

Жетекшісі: экономика және менеджмент

кафедрасының оқытушысы Шарафутдинова А.Н.

Орал – 2021

ЖОСПАР


КІРІСПЕ .............................................................................................................3
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың теориясы

  1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың  түрлері мен мақсат-мүдделері ..................................................................................................5
  2. Ерекше қорғалатын аумақтардың қазіргі туристік жағдайы ............7

2. Қазақстан аумағындағы ерекше қорғалатын аймақтардың қорғау бағыты

  1. Қорықтар – биосфера эталоны .............................................................9
  2. Ұлттық саябақтар мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер ...........13
  3. Биосфералық резерват пен табиғат ескерткіштері ........................16

3. Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін жетілдіру

  1. Қазақстанның ерекше қорғалатын территорияларын ұйымдастырудың шетел тәжірибесі ........................................................................................20
  2. Ерекше табиғи аумақтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен конвенциялар .......................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................27

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Қазақстан аумағы шөл даладан биік тауларға және ішкі теңіздердің экожүйелеріне дейінгі ландшафтық кешендердің бірегей жиынтығына ие. Елдің экономикалық даму қарқынының өсуі және табиғи ресурстарды пайдаланудың күшеюі әсерінен табиғатты аумақтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мәселесі өзекті тақырыпқа айналып келеді. Дәл осындай жағдайлар мемлекеттің табиғи ландшафтарының бейнесін қатты өзгертті. Жабайы табиғат әсіресе қатты өзгерістерге ұшырады: өсімдіктердің азаюы, жануарлардың азаюы және тіпті қорғауға алынған жануарлардың жаппай өлімі (мысалы, Барсакелмес қорығы –  құланды, Қорғалжын  қорығы – қоқиқазды). Ормандардың, сексеуілдердің және бұталардың ауданы азайды. Бірқатар шөлді және таулы жерлерде табиғи жемшөп алқаптарының өнімділігі төмендеді. Қарқынды айналымға тартылатын жер асты суларының көпғасырлық қорларының сарқылуы, Қазақстанның өзендері мен көлдерін өнеркәсіптік және тұрмыстық ағындармен ластануы байқалады. Ландшафттардың өнеркәсіптік шығарындылармен, топырақ жамылғысының тұтастығын бұзу нәтижесінде пайда болған шаңмен ластануы байқалды. Бірқатар орманды-дала массивтерінде топырақ эрозиясы жойқын сипатқа ие болған байқаймыз. Іс жүзінде адамның экономикалық іс-әрекетінің жанама әсерін сезінбеген бірде-бір ландшафт жоқ.

Осы себептен де типтік ландшафттарды қорғау қажетттілігі туындайды. Табиғи ландшафттардың болашақ дамуын қадағалап, табиғатта болатын салыстырмалы табиғи тепе-теңдікті сақтау және адам іс-әрекетінен туындаған өзгерістерден кейін оны қалпына келтіру өте маңызды.

Сондықтан да 2012 жылы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы жария етілді, онда Қазақстан 2050 жылға дейін таза ауасы мен мөлдір суы бар таза және жасыл елге айналу мақсаты көзделген. Осы мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін құру.

...

Скачать:   txt (94 Kb)   pdf (358.1 Kb)   docx (344.1 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club