Қазақстан Республикасының Азаматтық процесінде жауапкердің мүдделерін қорғау тәсілдерін талдау
Автор: Muksunova.akku • Апрель 27, 2022 • Курсовая работа • 21,064 Слов (85 Страниц) • 246 Просмотры
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы - азаматтық процестік сатыларындағы іс жүргізу әрекеттері және қарым- қатынастары барлығы бірігіп, ортақ бір мақсатты көздейді. Судья өзінің қызметін белгілі бір жүйе және азаматтық сатылар арқылы азаматтық істерді қарайды және оған шешім шығарады. Іс жүргізудегі алғашқы саты- істі қозғау болып табылады. Құқықтық мемлекет- құқықтың үстемдігі мен заңның жоғарғы құдіретімен,оның мемлекеттенде биік, тұруымен, барлық азаматтардың құқығымен бостандығын мойындап құрметтеуімен, оған мемлекет тарапынан кепілдік беруімен сипатталатыны белгілі. Құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі-заңның құдірет-қуатымен байланысты [1].
Тақырыптың өзектілігі - азаматтық процесте жауапкерді қорғау мәселелері құқықтық және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан адамның құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде іске асыруға кепілдік беретін мемлекеттің дамуы жағдайында барған сайын өзекті бола түсуде. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін құқықтық дау аясында жауапкердің жағдайы талапкердің жағдайымен салыстырғанда осал болып табылады. Мұның себептері объективті: талап қоюға бастамашы тарап талапкер болып табылады, ол субъективтік құқығы бұзылған деп болжанған тұлға ретінде де әрекет етеді; жауапкер, керісінше, мәлімделген талаптың дәрменсіздігін дәлелдейтін құқық бұзушы деп болжанады. Жауапкерге оның құқықтарына кепілдік беру мәселесі дау тараптарының мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауды талап ететін ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - Зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасының Азаматтық процесінде жауапкердің мүдделерін қорғау тәсілдерін талдау.
Мақсаты, объектісі және пәні зерттеудің келесі міндеттерін анықтауға мүмкіндік берді:
- Жауапкердің мүдделерін қорғаудың мәнін қарастыру;
- Жауапкердің мүдделерін қорғауды құқықтық жанжалға қатысушының қызметі ретінде сипаттау;
- Азаматтық процесте жауапкердің қорғаныс құралдары туралы түсінік беру және жіктеу;
- Талап қоюға қарсылықтар мен олардың түрлеріне талдау жасау;
- Қарсы талапты және оның сипаттамасын қарастыру;
- Талаптың өзгеруін, талаптан бас тартуды, талапты тануды және татуласу келісімін жауапкердің қорғаныс құралы ретінде талдау.
Зерттеу пәні –жауапкердің мүдделерін қорғау институтын реттейтін азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары болып табылады.
Азаматық іс-жүргізу бұл құқықтың білімдердің тірегінің бірі болып табылады. Оның маңыздылығы азаматтық іс-жүргізу құқығында, қоғамдық қарым - қатынастағы азаматтық істердің заңдылығын айқындау барысында анықталады.
Азаматтық процестік құқығы- азаматтық істерді қарап, шешім алып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарын сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардын қызметін іс жүргізуге барлық басқада қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Ал азаматтық процестік (азаматтық сот өндірісі)- бұл азаматтық процестік құқығынын нормалары арқылы белгіленген. Ондағы соттардың іс әрекеті, істерді қарауы, шешім шығаруы, шешімнің орындалуы, барлығы норма түрінде реттелген. Республика көлемінде болып жатқан азаматтық істердің құқықтық жағдайы осы азаматтық процестік заңдылығымен реттеледі. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Апелляция институты заң әдебиеттерінде әртүрлі жақтардан зерттеліп, көптеген заң саласындағы ғалымдардың қызу және сан алуан талқылауына түскен заңи институттың бірі. Айтатын болсақ, олардың қатарында
...