Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімі

Автор:   •  Май 28, 2018  •  Курсовая работа  •  14,502 Слов (59 Страниц)  •  889 Просмотры

Страница 1 из 59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ

5В090800 «Бағалау»  мамандығы студентінің

 өндірістік тәжірибе

ЕСЕБІ

_______Шайым Абилкайыр_____

(Т.А.Ж.)

Тәжірибе

орны:  Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімі

Кафедрадағы

тәжірибе жетекшісі:_____________________________________________

Кәсіпорындағы

тәжірибе жетекшісі:________Нұржігітов Ермұрат Кемелханұлы__________

Астана 2018 жыл

Бөлімдердің атаулары және тәжірибе тақырыптары

1

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуымен танысу

1.1

Тәжірибе базасымен тасыну

1.2

Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру

2

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімінің аудиты және талдауы, ұйымдастыру есебі

2.1

Ағымдағы активтердің есебі, аудиті және талдауы

2.1.1

Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттілігінің есебі, мен қаржылық инвистициялар есебі, аудиті және талдауы

2.1.2

Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі,  аудиті және талдауы

2.1.3

Қорлар есебі, аудиті және талдауы

2.2

Ұзақ мерзімді активтер есебі, аудиті және талдауы

2.2.1

Негізгі құралдар есебі, аудиті және талдауы

2.2.2

Материалдық емес активтер есебі, аудиті және талдауы

2.2.3

Биологиялық активтер есебі, аудиті және талдауы

2.2.4

Активтердің құнсыздануы есебі, аудиті және талдауы

3

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімінің міндеттесмелерінің есебі, аудиті және талдауы

3.1

Қаржылық міндеттемелер және қаржылық инвестициялар есебі, аудиті және талдауы

4

Капитал есебі, аудиті және талдауы

5

Табыстар мен шығындар есебі, аудиті және талдауы

6

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімінің Қаржылық есептілігін қалыптастыру

Қосымшалар

1  Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімінің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуымен танысу

1.1  Тәжірбие базасымен танысу

Мен, Мамырхан Мейірбек Мәдіханұлы өндірістік іс-тәжірбиемді Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі «64615» әскери бөлімі базасында өттім. Тәжірибие кезінде Нұржігітов Ермұрат Кемелханұлы нұсқауымен және көмегімен көптеген жұмыс барысымен таныстым.

 Ал іс-тәжірбие базасына келетін болсақ, ҚР Президентінің 1992 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 16 тамыздағы қаулысымен  министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес министрлік қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабы арқылы ҚР Қарулы Күштеріне басшылықты жүзеге асырған орталық атқарушы орган болып табылды. Бас штаб ҚР Қарулы Күштерін жедел-стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын министрліктің құрылымындағы әскери басқару органы болып табылды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: мемлекеттің әскери саясаты мен ҚР әскери доктринасының мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; ҚР әскери бюджетінің жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; ҚР әскери-техникалық және әскери-экономикалық саясатын жүргізуде Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; әскери-саяси жағдайға баға беруге, ҚР қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындауға қатысу; Қарулы Күштерде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; мемлекеттің егемендігін және аумақтық тұтастығын қорғауға Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР-на қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау; Қарулы Күштер туралы ҚР Конституциясының нормалары мен ҚР нормативтік-құқықтық кесімдерін іске асыруды қамтамасыз ету; Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің және арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін айқындау, оларды ҚР басқа әскерлерімен және әскери құралымдарымен, сондай-ақ халықаралық шарттар негізінде басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдану; ҚР Президентінің шешімімен Қарулы Күштерге адам, көлік және материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруды жүргізу; Қарулы Күштерде идеологиялық және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; экономиканы жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру және ұйымдардың белгіленген жұмылдыру тапсырмасын орындау даярлығын бақылауға қатысу; ғылыми-техникалық және арнаулы зерттеулер мен Қарулы Күштердің мұқтажы үшін әскери кадрларды даярлауды дамыту бағыттарын айқындау; әскери іс-әрекетті жүргізуге байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қарулы Күштердің қару-жараққа, әскери-техника мен басқа да материалдық жабдықтарға сұранымын, олармен Қарулы Күштерді жұмылдыра өрістетудің жоспарын қамтамасыз ету, қару-жарақтың, әскери техника мен басқа да материалдық жабдықтардың жедел және стратегиялық қорларын жинақтау мен орналастыруды айқындау; әскери қызметшілердің, азаматтық қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өмірін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы қаулысымен  министрліктің " ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы " құрылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 7 мамырдағы Жарлығымен  ҚР Қарулы Күштерінің құрылымы бекітілді:

...

Скачать:   txt (214.3 Kb)   pdf (622.1 Kb)   docx (71.7 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club