Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан жануарларының ресурстары және олардың биоценоздар мен шаруашылықта алатын орны

Автор:   •  Апрель 29, 2019  •  Лекция  •  15,268 Слов (62 Страниц)  •  1,486 Просмотры

Страница 1 из 62

1-дәріс. Қазақстан жануарларының ресурстары және олардың биоценоздар мен шаруашылықта алатын орны

Қарастырылатын сұрақтар

  1. Қазақстан жануарларының тіршілік ортасының алуан түрлілігі
  2. Қазақстанның омыртқасыз жануарларының ресурстар ретінде алатын орны
  3. Қазақстанның омыртқалы жануарларының ресурстар ретінде жануарлар дүниесінің жүйесінде алатын орны
  4. Ресурстық түрлердің топтары
  5. Ресурстық түрлерді қорғау мен пайдаланудың биологиялық, ғылыми-теориялық және практикалық негіздері

1. Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығының орта бөлігінде, зоогеографиялық тұрғыдан қарағанда Палеарктиканың ортасында орналасқан. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінің ара қашықтығы 1800 км болса, батысы сонау Каспий теңізінен басталып шығысы Алтай тауларымен шектесетін 3000км-ге созылып жатыр. Табиғат жағдайы да ерекше: солтүстігін орманды-дала зонасы алып жатса, оңтүстікке қарай дала, шөлейіт және шөл аймақтары, таулы қырлары орналасқан. Ал оңтүстігі мен шығыс бөлігін биік таулар мен тау жоталары қоршап жатады. Осылармен қатар Республикамызда континентальды суқоймалары да баршылық. Олар: 2 теңіз (Каспий мен Арал), 48 мыңдай көл (Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, Теңіз, Қорғалжын және т.т), 85 мыңдай өзендер (Қиғаш, Жайық, Сырдария, Шу, Сарысу, Талас, Іле, Қаратал, Тентек, Лепсі, Ақсу, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Торғай, Ырғыз және т.т.). Сол сияқты бірнеше жасанды суқоймалары, атап айтқанда Бітік, Дөңгелек, Қарғалы, Шардара, Бөген, Қапшағай, Бұқтырма, Самарканд, Қаратомар және т.т. бар. Міне осындай табиғи аймақтары алуан түрлі және жабайы жануарлардың қоныстануына қажетті жағдайлардың бәрі бар Қазақстан территориясында Омыртқалы жануарлардың 6 класына (Дөңгелекауыздылар, Сүйекті балықтар, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер) жататын 890-ға жуық түрдің мекендейтінін Қазақстанның зоолог-ғалымдары растап отыр. Ал омыртқасыз жануарлардың 100 мыңнан аса түрі белгілі (ал әлі ғылымға белгісіздері қаншама?). Міне осы айтылғандар Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі-жануарлар дүниесі екендігін көрсетеді. Бұлардың ішінде құнды тері, дәмді ет, мамық, дәрі-дәрмектік шикізаттар беретін түрлері, яғни кәсіптік жолмен ауланатын түрлері көп. Табиғи жағдайы әр алуан Қазақстан территориясында бағалы терісі мен шипалы еті үшін ауланатын аңдар мен құстардың 100-ден астам түрлерінің, ал балықтардың 57 түрінің аулануы бұған дәлел болып табылады..

2. Қазақстан жоғарыда айтылғандай Омыртқасыз жануарлар (Invertebrata) дүниесіне де өте бай және олар алуан түрлі. Кейбір деректер бойынша біздің республикамызда омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Деседе 1,5 ғасыр зерттеулер жүргізілсе де, осыған дейін бұл жануарлар тобы әлі де болса нашар зерттелген. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша (Митяев, 2002 және т.б.) республикамызда Омыртқасыз жануарлардың 9 типіне жататын өкілдері кездеседі. Олар: Қарапайымдылар (Protozoa), Губкалар (Spongia), Ішекқуыстылар (Coelenterata), Жалпақ құрттар (Plathelmintes), Жұмыр құрттар (Nemathelnintes), Немертиналар (Nemerthina), Буылтық құрттар (Annelides), Буынаяқтылар (Arthropoda) және Моллюскалар (Mollusca).

Жоғарыда айтылған омыртқасыз жануарлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері, насекомдар мен кейбір омыртқасыздар адам мен жануарлардың паразиттері немесе олардың ауруларын тасымалдаушылар, кейбіреулері орман шаруашылығының зиянкестері, азық қорының зиянкестері және т.т. Қазақстанда осындай 2000-н аса түрлер есепке алынған, бірақ нағыз зиянкестерге 200-ге жуық түр жатады.

Омыртқасыз жануарлардың басым түрлері пайдалы немесе бейтарап (нейтралды) түрлердің қатарына жатады. Бейтарап түрлерді де пайдалылар қатарына жатқызуға болады. Өйткені олар биоценозда белгілі бір рөл атқарып, экожүйелердің тұрақтылығына және олардың сақталып қалуына себебін тигізеді.

...

Скачать:   txt (224 Kb)   pdf (752.1 Kb)   docx (637 Kb)  
Продолжить читать еще 61 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club