Еркін тақырыпта 5-9-сыныптарға арналған тәрбие сағатының үлгісін құру
Автор: Arukentl • Март 6, 2022 • Практическая работа • 1,833 Слов (8 Страниц) • 516 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ «СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
БӨЖ
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: “Еркін тақырыпта 5-9-сыныптарға арналған тәрбие сағатының үлгісін құру”
Орындаған: Лябирова А.Қ
Тобы: ДЯ-101
Тексерген: Акпаров М.Л
Семей қаласы 2021
Тақырыбы: Тәуелсіздік жетістіктері
Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ұғыну арқылы қазақстандықтардың патриоттық сезімін күшейту. Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті. Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Топқа бөлу. І топ- Бірлік, ІІ-Ынтымақ тобы, ІІІ Болашақ тобы
Мұғалім сөзі. Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толмақ. Осы орайда еліміздің барлық білім ордаларында Республикалық «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілуде. Тәуелсіздік бұл еркіндік. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Осы 30 жыл ішінде еліміз талай белестерді артта қалдырды. Біздің еліміз бай, бәсекеге қабілетті әрі қуатты елге айналды. Ендеше осы елдің болашағы жастар сендерсіңдер. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге, сіздердің білімдеріңізге, күш-қуаттарыңыз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты» деп жастарға үлкен үміт артып отырса, ел президенті Қ. Тоқаев «Лайықты азамат – бұл білімді, Отанына адал, елін, жерін сүйетін адам. Бұл әлемде Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ» деген болатын.
Келесі мына бір видео роликке назар аударыңыздар
1-ТОП «Бірлік» тобына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбын топта талдап, постер әзірлеп, қорғайсыңдар.
2-ТОП «Ынтымақ» тобына «Елбасымның еңбегі» тақырыбында Тәуелсіздік жолындағы Елбасының еңбектері туралы таныстырылым әзірлеңдер.
3-ТОП «Болашақ» тобы «Біз қалайтын болашақ» тақырыбында сендер көз алдарыңа болашақта Қазақстанды елестетіңдер
Қазақстан – қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл!
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл:
Т- Білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті
У- уайымсыздық, уақытты,
Е- егемендік, елдікті.
Л- дейді лаула, лапылда,
С- сенімділік,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиялылық тілек қой,
Д- шақырады достыққа,
І- Ізгілікті ниетпен,
К- дейді: күн бол көктегі
Тәуелсіздік жалау болып желбіре,
Болашақты бағытыңа сендіре.
Тәуелсіздік – биігі бұл санамның ,
Тәуелсіздік бақыт емей енді не?
Ән «Елім менің аңсаған»
5 минут
Тапсырма
Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
...