Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тарихи тақырыптағы көркем шежірелер

Автор:   •  Декабрь 7, 2022  •  Лекция  •  4,743 Слов (19 Страниц)  •  328 Просмотры

Страница 1 из 19

ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ КӨРКЕМ ШЕЖІРЕЛЕР

Лекция мақсаты:

  • Тарихи тақырыптағы көркем шежірелермен таныстыру, олардың әдеби мәнін саралау.

Сұрақтар:

  1. Тарихи тақырыптағы көркем шежірелердің әдебиет тарихындағы орны.
  2. Ресми шежіре  - тарих ғылымының бір тармағы.
  3. Әбілғазы Бахадүр «Шежіре-и-түрк» еңбегі.
  4. Қадырғали Жалайыри «Жамиғ-ат-тауарих» (Шежірелер жинағы).
  5. Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи-Рашиди» (Рашидтің тарихы) еңбегі.
  6. Захириддин Бабыр «Бабыр-наме» еңбегі.

Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр.

Қазақ елі егемендік алып, өз алдына дербес мемлекет болды. Егемендік ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының ұлы арманы еді. Сол арманымызға жеттік.

Ал ғасырлар бойы өзгеге бодан болып, енді ғана азаттықтың дәмін татқан елдің әрбір азаматы мұндайда өзіне-өзі: «Мен кіммін? Біз кімбіз? Ата-тегіміз кім?» - деп сауал қояры хақ. Сонымен, біз ата-тегімізді білеміз бе? Оны білу үшін не қажет? «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөздің түпкі мәнісі неде? Ата-тек (орысша: родословие, древо) сөзін қалай түсінеміз?

Бұл сұрақтарға бірден жауап беру жеңіл-желпі іс емес. Өйткені, кеңестік заманда ата-тек сұрастыру айып саналды. Өзінің шыққан тегін айтқан адамды - рушыл, ұлтшыл, тіпті нәсілшіл деп сынады. Сол себепті ұзақ жылдар бойы ата-тек шежіресі ғылыми тұрғыдан да зерттелмей келген еді.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық ой-сананы қайта құра бастағалы бері ата-тек мәселесіне, қазақ шежіресіне біртіндеп назар аударыла бастады.

Сонымен, шежіре дегеніміз не?

Шежіре - халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарихи ғылымның бір тармағы. «Шежіре» сөзі - арабтың «шаджарат» яғни «бұтақ», «тармақ» деген ұғымнан туған. Ежелгі ру, жұрт, ұлыс, тайпалардың, бүкіл бір халықтың шығу тегін, өсіп-өрбуін, даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққаж еткізетін шежіре-жылнамалар ұлттық мәдениеті бар елдердің бәрінде де кездеседі. Тегінде мұндай шығармаларды екі топқа бөліп қараған жөн деп білеміз. Бірі - тарихи оқиғаларды жіпке тізгендей етіп, хронологиялық тәртіппен баяндайтын ресми жылнамалар. Ал екіншісі - тарихта болған жеке қайраткерлердің өмір жолын, яки тұтас бір ру, тайпа немесе халықтардың шығу тегін, өсіп-өрбу, кезеңдерін, т. б. сөз зергерлеріне ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсететін көркем шежірелер.

Біз қазір дарынды қаламгерлердің қолынан шыққан осындай көркем шежірелер жайында сөз қозғап отырмыз.

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірін танып-білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер ерекше зор рөл атқарады.

Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы білген.

Ресми шежіре тарих ғылымының бір тармағы іспеттес деуге болады. Дегенмен, қазақ елі шежірені тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деп таныған. Тіпті алғашында ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мәтінін тарихи жырға айналдырып жіберетін болған. Соның өзінде, шежіренің негізгі сюжетін, тарихи фактілерін көбінесе дерлік өзгертпей, сол күйінде сақтап қалып отырған.

Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар белгілі бір мағынада өз заманының тарихшы-ғалымы, саяси қайраткері секілді болған. Шежірешілер саналуан тарихи құжаттарды, өздерінен бұрынырақ жазылған жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қосып жазып отырған. Оны кітап көшірушілер – хусни хатшылар бірнеше дана етіп көшіріп жазатын болған. Көп томдық қолжазба-кітаптар осылайша өмірге келген.

Мұндай шежіре-кітаптар кезінде зор рөл атқарған. Әрбір шежіре авторы өз елінің даңқты тарихын, елді сыртқы жаудан қорғауда ерлік көрсеткен батырларын, алдына жан салмаған ақындары мен шешендерін, ел басқарған ақылгөй-абыз ақсақалдарын, хандарын, т. б. мадақтап отырған. Ең бастысы – жылнама яки шежіре жазушылар өзі өмір сүріп отырған дәуірдің саяси оқиғаларын өзінен сан ғасыр бұрынғы тарихи оқиғалармен тығыз байланысты түрде айтуға әрекет жасайтын болған.

...

Скачать:   txt (61.5 Kb)   pdf (206.8 Kb)   docx (30.4 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club