Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Айналшықты – бұлғақты механизм

Автор:   •  Январь 9, 2024  •  Лабораторная работа  •  1,447 Слов (6 Страниц)  •  67 Просмотры

Страница 1 из 6

«АВТОМОБИЛЬ ҚҰРЫЛЫСЫ» ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ – ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС, ТАҚЫРЫБЫ: АЙНАЛШЫҚТЫ-БҰЛҒАҚТЫ МЕХАНИЗМ 

АМИТОВА Г.Д., ЖАЛПЫ АРНАУЛЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ, АҚТӨБЕ ТЕХНИКА - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ.

Тақырыбы: Айналшықты – бұлғақты механизм

Сабақ түрі:  Зертханалық – тәжірибелік жұмыс.

Мақсаты: Айналшықты – бұлғақты механизмі жиналу бірліктерінің және бөлшектерінің құрылысын зерттеу, олардың бір – біріне әсері мен реттелуі: айналшықты – бұлғақты механизмінің ақауларымен танысу, сонымен қатар оларды түзету жолдарын білу.

Міндеттері:

  • Білімділік: Студенттердің пән бойынша жинаған білім –дағдыларын толық түрде бекіту.
  • Тәрбиелік: ойлау қабілетін дағдыландыру. Назарын аудару, кең пейілділікке,  тәжірибелік білімге құмарлықты, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Жұмыстарды қауіпсіз орындаудың ережелері. Стендтегі ауыр агрегаттарды (қозғалтқышты) бұрау және ірі бөлшектерді шешу тек оқытушының рұқсатымен ғана орындауға болады. Ажыратқыштың күштік бұрандасын шешілетін бөлшекке осьтес орнатылуы керек; ажыратқыштың аяқтары бөлшекті мықтап ұстап тұруы керек.

Жұмыстарды қауіпсіз орындаудың жалпы ережелерін сақтаңыз.

Жабдық және құралдар. Бұралмалы стендте орнатылған ВАЗ-2110 қозғалтқыштардың цилиндр блоктары (жинақта).

ВАЗ -2110 қозғалтқышы: стандартты кілттер жинағы; піспек сұққысын бөлшектеуге арналған құрылғы; піспек сұққысын баспақтаңқырауға арналған құрылғы; сермер бекіткіші; піспек цилиндрлерін орнатуға арналған төлке; динамометрлік кілт; қысқыш; балға; бұрағыш; иінді біліктің бітеуіштерін баспақтаңқырауға арналған жақтау; піспек сұққыларын ажыратқыш; қуыс бұрғылар жиынтығы; штангенциркуль.

Жұмыстарды орындау реті. Айналшықты – бұлғақты  механизмдердің (АБМ) құрылымы туралы материалды қайталаңыз. Оларды бөлшектеу және құрастырудың жалпы ретін оқыңыз. Бөлшектерді демонтаждау алдында олардың құрастыру бірлігінде орналасуына көңіл аударыңыз.

Қозғалтқышты картерін жоғары қаратып орнатыңыз; картерді, май сорғыны және май қабылдағышты шешіңіз. Қозғалтқышты 90° бұрыңыз. Бұлғақты бұрандалардың сомындарын бұраңыз, бұлғақ қақпақтарын шешіңіз және бұлғақтары бар піспектерді абайлап шығарыңыз. Құрастыру кезінде оларды бұрынғы цилиндрлеріне орнату үшін піспектерді, бұлғақтарды және қақпақтарды белгілеңіз. Сермерді бекіткішпен құлыптаңыз және сермерді бекіту бұрандаларын бұрап ашыңыз. Сермерді иінді біліктен шешіңіз. Иінді біліктің тығыздамаларын шешіңіз. Негізгі мойынтіректердің қақпақтарын төменгі астарлармен бірге шешіңіз. Мойынтіректер ұяларынан иінді білікті, үстіңгі астарларды және тірек жартылай сақиналарын шығарыңыз. Қысқышпен бұлғақтардың біреуін қысыңыз және құралдың көмегімен піспек сақиналарын шешіңіз. Піспек дөңесшелерінен тірек сақиналарын алып тастаңыз және саусақты итеріп шығарыңыз.

Айналшықты – бұлғақты  механизмдердің бөлшектерінің құрылымын зерттеңіз, орнату белгілерін табыңыз және бөлшектерді дайындау әдістерін анықтаңыз. Үйкелмелі беттердің күйін тексеріңіз және анықталған ақауларды жазып алыңыз.

Піспекті бұлғақ тобын құрастырыңыз. Иінді білікті орнатыңыз. Бұлғақтарды иінді білікпен біріктіріңіз. Қозғалтқышты бөлшектеуге кері ретпен құрастырыңыз.

Цилиндрлерді, піспектерді, тығыздамаларды, астарлардың ішкі жақтарын, тірек жартылай сақиналарын құрастыру алдында майлаңыз. Бұрандалы қосылымдарды қатайту кезінде тиісті ұсыныстарды орындаңыз. Картер бекіткіштерін екі рет айқыш-айқыш амалмен тартыңыз, Жұмыс орындарын реттеңіз. Тапсырманың соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулар. ВАЗ-2110 қозғалтқышы. Қозғалтқышты картерін жоғары қаратып аударыңыз және иінді біліктің қалып датчигін, май картерін, май қабылдағышты және май сорғыны шешіңіз (1.1-сурет). Бұлғақты бұрандалардың сомындарын бұраңыз, бұлғақ қақпақтарын шешіңіз және бұлғақтары бар піспектерді цилиндрлер арқылы абайлап шығарыңыз. Құрастыру кезінде оларды бұрынғы орындарына орнату үшін піспекті, бұлғақты және қақпақты белгілеңіз.

  • Назар аударыңыз! Бұлғақты бұрандамаларды бұлғақтардан итеріп шығаруға болмайды.

[pic 1]

1.1-сурет. Май сорғыны шешу:

1 — сорғы; 2 — салым; 3 — май қабылдағыш; 4 — картер салымы; 5 — картер; 6 — иінді біліктің қалып датчигі.

...

Скачать:   txt (21.9 Kb)   pdf (915.6 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club