Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дене беткейінде ірі қан тамырлар проекциясын,оларды тыңдайтын және басатын орындарды анықтау

Автор:   •  Февраль 8, 2018  •  Реферат  •  1,653 Слов (7 Страниц)  •  2,862 Просмотры

Страница 1 из 7

Қарағанды Мемлекеттік Медициналық Университеті

Морфология Кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Дене беткейінде ірі қан тамырлар проекциясын,оларды тыңдайтын және басатын орындарды анықтау.

 

                              Орындаған: Сержан Ұлпан 1021 ЖМ

                              Тексерген:Ахметова Г.Ж.

                 

Қарағанды 2017

Жоспар:
Кіріспе
1)
 Жүрек және оның құрылысы
Негізгі бөлім
2)Денедегі ірі қантамырлар
3)Жүрек қабырғаларының кеуде қабырғасына проекциялануы
4)
 Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы
5)
 Дене бетінде қан тамырларын тыңдау нүктелері
6)
 Дене бетінде қан тамырларын басу нүктелері
Қорытынды
7)пайдаланған әдебиет

Жүрек және оның құрылысы
Жүрек - өзіне құятын  вена сабауларынан қанды жинап, және оны артерия жүйесі арқылы  айдайтын бұлшықетті-қуыс мүше. Жүрек  қуысы  4  камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен  сол жақ қарынша өзіндегі қанның  қасиетіне қарай сол жақ немесе  артериялық жүректі құрайды; оң  жақ жүрекше мен оң жақ қарынша  оң жақ  немесе веналық жүректі  құрайды.
Эмбрионда жүректің дамуы ұрықтық дамудың үшінші аптасында мезодерманың  бір бөлігі спланхнотомның висцеральді жапрақшасынан басталады.
Денедегі ірі қантамырлар
Қан тамырлар (лат. vasa sanguineа)  - организмнің  жүрек - тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтүкше мүшелер. Олар қанды жүректен мүшелерге (артериялар) және мүшелерден жүрекке (веналар) тасымалдайтын жасушалық, ұлпалық, мүшелік  деңгейде зат алмасу процесін қамтамассыз етеді.
1 – беткей самай;                                                                    
[pic 1]

2 – сыртқы жоғарғы жақ;

3 – сыртқы ұйқы;

 4 – бұғанаасты;

 5 – қолтық асты;

6 – иық;

 7 – кәрі жілік;

 8 – шынтақ;

9 – сан;

10 –  алдыңғы асықты жілік;

11 – сыртқы табан артериясы.

1.Беткей самайлық артерия (лат. А. temporalis superficialis):
Құлақ төмбешігінен 1 см алға қарай, самай сүйегінің беттік өсіндісіне басылады, самай аймағын пальпациялайды
.[pic 2]

2.Сыртқы жоғарғы жақ артериясы ( лат. А. maxillaris externa):
төменгі жақ бұрышынан 2 см алға қарай басылады.
[pic 3]

Сыртқы ұйқы артериясы (лат. А. carotis externa):
Бармақты аттас мойын үшбұрышындағы алтыншы мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне жанасады. Қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегі деңгейіндегі бас изеу бұлшықетінің ішкі жиегінен немесе төменгі жақтың бұрышынан пальпацияланады.

[pic 4]

Бұғанаасты артериясы (a. subclavia):
Төс – бұғана- емізік бұлшықетінің бекитін жеріндегі бірінші қабырғаға жанасады. Бас изеу бұлшықетінің сыртқы жиегіндегі бұғана үстін немесе бұғана асты шұңқырының латеральды аймағын пальпациялайды.
 [pic 5]

Қолтық асты артериясы (лат. A. Axilláris):
Қолтық шұңқырындағы тоқпан жілік сүйегінің басына жанасады. Қолды горизонталды бағатта қойғаннан кейін тоқпан жілік сүйегінің басының деңгейіндегі қолтық шұқырын пальпациялайды.

[pic 6]

Иық артериясы (лат. A. brachialis):
Екі басты бұлшықеттің ішкі жиегіндегі жүлге бойында, иық сүйегінің ішкі беткейіне жанасады.Жазылған қол қалпындағы шынтақ шұңқырынан жоғарылау, екі басты бұлшықеттің медиальды жүлгесінде пальпацияланады
.
[pic 7]

Шынтақ және кәрі жілік артериясы (a. ulnaris, a. radialis):
Шынтақ артериясы кәрі жілік сүйегіне қарама - қарсы шынтақ сүйегіне жанасады. Кәрі жілі артериясы білектің төменгі үштен бір бөлігіндегі тамыр соғысының байқалатын жерінде кәрі жілік сүйегіне  жанасады. Кәрі жілік артериясының тамыр соғу жерімен бірге пальпациялайды.
 [pic 8]

Сан артериясы (лат. A. femoralis):
Шат қатпарының ортасына қарай орналасқан жамбастық қасаға сүйегіне жұдырықпен жанасады.
 
[pic 9]

Тізе асты артериясы және алдыңғы асықты жілік артериясы(а. poplitea,  а.tibialis anterior):
Алдыңғы асықты жілік артериясы  медиальды толарсақтан 1 см төмендеу жанасады.

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (339 Kb)   docx (961.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club