Жерді қашықтықтан зондтау әдістері
Автор: Azimmoldir • Февраль 5, 2018 • Реферат • 2,942 Слов (12 Страниц) • 5,144 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және табиғатты пайдалану факультеті
География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
[pic 1]
Тақырыбы: Жерді қашықтықтан зондтау әдістері
Орындаған:Әзім Мөлдір
Тексерген:Какимжанов Е.Х.
Алматы -2018
Жоспар:
1.Кіріспе................................................................................................................3-4
2.Негізгі бөлім:А) Жерді қашықтықтан зондтау туралы жалпы мәлімет...........................................................................................................5-7
Ә) Қашықтықтан зондтау әдістерінің жіктелуі..............................................7-8
Б)Қашықтан зондтау жүйелерінің даму кезеңдері………………………………………....….……...………………..…8-11
В) Қашықтан зондтау әдістерінің және аэроғарыштық зондтаудың қазіргі жағдайы………………….............................................................................11-12
3.Қорытынды....................................................................................................11-13
4.Пайдаланылған әдебиеттер................................................................................14
Кіріспе
Қашықтықтан зондтау(remote sensing), бұл жерде зерттелетін объектіні аппаратураның қабылдайтын сезімтал элементтерімен тікелей қарым- қатынассыз қашықтықта объектілерді зерттеу түсініледі. Зондтау бағыты әлі де зерттеуді қажет етеді. Өйткені Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) мәліметтерін пайдалану аясы үздіксіз кеңейюде, сондықтан ЖҚЗ атауымен оқу пәнінің шегінде түсіріс материалдарын қолданудың барлық ықтимал бағыттарын қамту мүмкін емес. Осы себеп бойынша картография геодезиялық бағыттағы мамандар үшін курс «Аэроғарыштық түсірістер әдістері» атауын алды, мұнда ЖҚЗ материалдарын қолдану бағыттарына баса назар аударусыз ЖҚЗ-ның ең жалпы ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттеу қарастырылып отыр. Сонымен қатар, әуелік және ғарыштық негіздегі ЖҚЗ түсіріс жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде бір- бірінен ерекшелігі болмашы ғана. Оқу құралының мәтіні бойынша алдағы уақытта осы ескертпелерді ескере отыра, ЖҚЗ, сондай-ақ «Аэроғарыштық түсірістер» сияқты анықтамалардың пайдаланылуы мүмкін. Жерді қашықтықтан зондтаудың дәстүрлі классикалық әдісі аэрофототүсіріс болса – адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі ғарыштан алынған ЖҚЗ-ның әртүрлі әдістері аэротүсірістерді ығыстыра бастады[1].
Жерді қашықтықтан зондтау - жер бетін әр түрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және ғарыштық құрылғылармен бақылау.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жер бетін түсіруші құралдар арқылы және олардың көмегімен қандай іс әрекет жасауға болатыны туралы жұмыс жүргізілді. Жұмыстың басты мақсаты – Жерді қашықтықтан зондтау туралы нақты мәлімет беріп, оның келешегін айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қолға алынады:
1. Жерді қашықтықтан зондтау ұғымына анықтама беріп, тарихына шолу жасау
...