Мемлекет пен құқықтың арақатынасы. Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Автор: SALAM9 • Февраль 13, 2023 • Курсовая работа • 4,499 Слов (18 Страниц) • 197 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
«Құқық пәндері» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Мемлекет пен құқықтың арақатынасы.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы»
6В04201 | Күндізгі | Ю-21К |
Автор: Карлеутов.С
Жетекші:аға оқытушы Кантарбаева Д.
МAЗМҰНЫ
КIPICПE…………………………………………………………….....3
I МEМЛEКEТ ЖӘНE ҚҰҚЫҚ ТУPAЛЫ ЖAЛПЫ ТҮCIНIГI.5
1.1 Мeмлeкeттiң пaйдa бoлу тарихы жәнe ерекшеліктері……….......................5
1.2 Мемлекеттің түрлері,белгілері мен типтері……………………...................6
1.3 Құқықтың шығу тeгi мен қалыптасуы…………………...............................11
1.4 Құқықтың белгілері,қайнар көздері мен функциялары…………...............13
II ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ…………………………………….16
2.1 Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны………………………….....16
2.2 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті қалыпастыру...……..20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................24
КIPICПE
Тақырыптың өзектілігі.Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттырының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отыр. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны,түсінігі – адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормаларын ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғылымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды? – деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.
Объективтік даму процесі қоғамның алдына бірнеше талаптар қойды:
- қоғамның әкімшілік-территориясында тұрақты тәртіп қалыптастыру қажет болды;
- қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
- ру мен тайпалардың, мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, күрес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл күрес-қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.
Құқық – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси,
әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқық нысандары – бұл мемлекетпен туындайтын немесе онымен танылатын құқық нормаларын айқындайтын және бекітетін оларға заңдық жалпыға міндеттілік мән беретін ресми құжаттық нысандар.
Құқық нысанының түрлері:
- Нормативтік құқықтық актілер
- Санкцияланған әдет-ғұрыптар
- Заңды прецедент
- Нормативтік шарт
- Құқықтың жалпы қағидалары
- Діни мәтіндер
Тақырыптың мақсаты. Мемлекет және құқық ұғымдарының теориялық сипатын беру, мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидаларын зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Мемлекет пен құқықтың пайда болу тарихын зерттеу;
- Мемлекет пен құқықтың белгілері мен қайнар көздерін қарастыру;
- Мемлекет пен құқықтың түрлерін анықтау;
- Құқықтық мемлекеттің мазмұнын зерделеу;
Зерттеу нысаны: Мемлекет пен құқық арақатынасының түсінігі, қағидалары мен мазмұны.
...