Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Автор:   •  Январь 29, 2022  •  Реферат  •  1,045 Слов (5 Страниц)  •  777 Просмотры

Страница 1 из 5

                  АЛМАТЫ ТЕХНАЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру

Орындаған:Досмагамбетов Алиби (РДиГБ 1г.о)

Тексерген: Жоя Кайрат

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру Материалды-техникалық жабдықтау қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнын барлық түрлі жабдықтармен, асханалық және ас ыдыстармен, өндірістік, саудалық құрал-саймандармен, санитарлық арнайы киіммен және формалық киіммен, жиһазбен, жаймалармен және т.б. қамтамасыз етуге арналған.

Материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастыруға келесі талаптар қойылады:

 жабдықтау жинақтылығы мен уақыты жүргізілуі;

 үздіксіздігі, себебі жабдықтаудың үзілуі кәсіпорынның нақты тәртібін бұзады, қызмет көрсетуді нашарлатады, сондықтан амтериалдытехникалық құралдарға және тауарлық қорлар өлшемінде қажеттілігін анықтау өте маңызды;

 жабдықтау сенімділігі мен жоғары сапасы, яғни барлық материалды құралдар әрекеттігі стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек;

 жабдықтау түрін дұрыс таңдау.

[pic 1]

Нарық экономикасы мен бәсекелестік жағдайында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын материалды-техникалық құралдармен орталықтандырылған жабдықтау құлдырады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жабдықтау  бөлімдері немесе жеке жауапты жұмысшылар арқылы өздігінен жабдықтаушыларды іздейді, материалды құралдар жабдықтауға келісім шартқа келіседі.

Қаптамада келген жабдықтарды қабылдау кезінде қаптама бүтіндігі, техникалық шарттарға, ілестірмелі құжаттарға сәйкестігі тексеріледі. Белгілібір ақаулар, ауытқулар айқындалса, акт құрылады. Акт құру реті (мерзімі, комиссия құрамы және т.б.) келісім шарт пен нұсқаумен анықталады. Акт негізінде жабдықтаушыларға арыз беріледі. Жабдықтаушыларды таңдауға қойылатын талаптар азық-түлік өнімдерін жабдықтаушыларға қойылатын талаптарға ұқсас, яғни жүйелі түрде ықтимал жабдықтаушыларды зерттеу, олардың тізімін құру, ұсынылады, жеткізулер сапалы, уақытылы, сенімді болу үшін жабдықтаушыны таңдау кезінде арнайы критерий бойыеша талдау жүргізіледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны өндірушімен тікелей келісім шарт құруы мүмкін немесе көтерме жәрмеңке, аукциондық сауда орталықтарының қызметтерін қолдану мүмкін. Тауарды сауда желілерінен сатып алса да болады; көптеген қалаларда ас үй жиһазымен, ас ыдыстармен және т.б. жабдықтауға көмектесетін сервис орталықтар құрылады. Кішігірім кәсіпорындар аз көтерме дүкендер қызметін қолдану мүмкін. Ең тиімді және ұйымдасқан түрі жәрмеңкелік сатып алу болып табылады. Оның бірқатар артықшылығы бар; сатып алушыларда жабдықтаушылармен ұсынатын тауарлардың нақты сынамасымен танысуға, модельдер көрсетілімін, модификациясын қарауға, оларды әрекетте көріге, қажетті коммерциялық ақпарат және кеңес алуға болады; сонымен қатар келісім шарт құру мерзімдері тездетіледі, сатып алушының өнімді жабдықтауға тапсырысы жедел қарастырылады, өзара пайдалы шешім табылады.

Аукциондық сауда – сатушы максималды пайда алу мақсатында сатып алуға қатысып отырған бірнеше немесе көп сатып алушылар бәсекесін қолданатын тауар өткізу әдісі. Тауар ең үлкен баға ұсынған сатып алушы меншігіне өтеді.

Материалды құралдар саны шығындар, жабдықтау және қолдану нормалары негізінде анықталады. Шығын нормасын бір рет қолданылатын заттарға, қажеттілігін анықтау үшін орнатылады, мысалы бір реттік ыдыс, жуғыш заттар және сауда-өндірістік әрекет барысында толық тұтынылатын басқа материалдар. Жабдықтау нормасы көп рет қолданылатын заттарға (жабдық, жиһаз, ас ыдыстары мен аспаптар, ас үй құралдары және т.б.) қажеттілігін анықтау үшін орнатылады.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (851.4 Kb)   docx (832.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club