Оқу орындарында тамақтандыруды ұйымдастыру
Автор: Arailym Zinaddin • Март 4, 2021 • Лекция • 3,361 Слов (14 Страниц) • 345 Просмотры
Ұзақ ұшу кезінде музыканың үлкен таңдауы емес.Дәріс №5 Оқу орындарында тамақтандыруды ұйымдастыру (жоғары және арнайы орта оқу орындарында, мектептерде)
Жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттерінің тамақтануын ұйымдастыру
Жоғарғы және арнайы орта оқу орындарындағы оқушылардың тамақтануын оқу орындарымен қатар жатақханаларда да ұйымдастырады. Жоғары оқу орындарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жалпы орын саны студенттер санының 20%, профессорлық-оқытушылық құрамы және қызмет көрсететін персоналдар, соның ішінде: студенттер мен қызмет көрсететін персоналдарға арналған асханалар 13%; профессорлық-оқытушылық құрамы үшін асханалар 1%; емдәмдік асханалар 2%; студенттерге арналған буфеттер 3%; профессорлық-оқытушыларлық құрамға және қызмет көрсететін персоналдарғa 1%.
Жоғарғы оқу орындарындағы асханаларды жылытылатын өтпе жолы бар негізгі оқу корпусына бекітілген жеке ғимараттарда, немесе оқу корпусының ғимаратында (жатақханада) орналастырады. Асхана мен оқу-өндірістік бөлмелердің ара қашықтығы 500 м аспауы керек.
ЖОО-ның студенттері мен колледж оқушыларының тамақтануын ұйымдастырудың негізгі формасы оқу корпусының ғимаратында, сонымен қатар жатақханалардағы даярлау-асханалары мен тарату-асханаларында тағамды жіберу болып табылады. Оқушылар саны 5 мың адамнан асатын ірі оқу мекемелерінде, оған дайындау-фабрикалары немесе даярлау асханаларының жүйесі арқылы өтетін аспаздық фабрикалар, кафелер, кафе-автоматтар, кафетерийлер мен буфеттер, жекеленген этаждарда орналасқан оқу корпустары мен жатақханаларда студенттердің тамақтану комбинаттары ұйымдастырылуы мүмкін. Алдын-ала дайындау фабрикаларын жекеленген ғимараттарда орналастырады. Сонымен қатар тапсырыс беретін үстелдері бар аспаздық дүкендер қарастырылады.
Университеттер мен колледждердегі асханалар, кафелер және буфеттердің жұмыс істеу реті қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының әкімшілігімен бекітіледі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары бірінші ауысымдағы сабақтың басталуына 30 минут қалғанда ашылуы керек және екінші ауысымдағы сабақтар аяқталғаннан кейін 1 сағат өткен соң жабылуы керек. Егер де оқу ғимаратында кешкі бөлімнің студенттері оқитын болса, онда қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары кешкі бөлімнің екінші сабағына дейін жұмыс істеуі керек.
Жалпы білім беретін мектептерде тамақтануды ұйымдастыру
Жалпы білім беретін мектептерде қоғамдық тамақтандыру желілерін дамыту және мектеп тамақтануын ұйымдастыруды жақсарту барлық жастағы оқушылардың дұрыс физикалық дамуы, олардың денсаулығын нығайту, еңбек қабілетін арттыру үшін негізгі шарт болып табылады. Ұзақтығы 5-6 сағат құрайтын оқу күні бойы оқушылар 600 ккал, я,ни тәулігіне кететін энергошығындардың шрегін жұмсайды. Оқушыларға оқу күні бойы ыстық тамақтануды ұсыну оқу-тірбие үдерісін жақсартуға және үлгерімділіктің артуына ықпал етеді.
Мектеп тамақтануын ұйымдастырудың маңызды мақсаты оның материалды-техникалық базасын нығайту болып табылады. Мектеп асханаларында орын санын нормативтерге дейін жеткізу (100 оқушыға 250 орын) барлық оқушыларды ыстық таңғы астармен, ал ұзартылған күндерде оқитын оқушыларды түскі астармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мектеп асханалары жартылай дайын өнімде жұмыс істейтін толық даярлау асханалары және дайын таңғы астар мен түскі астарды өткізетін тарату асханаларын болып бөлінеді.
Толық даярлау асханалары жартылай дайын өнімдерді, ал тарату асханалары дайын тағамдарды функционалды сыймдылықтарда және контейнерлерде мектеп тамақтану комбинаттарынан алады.
Әрбір мектеп тамақтану комбинаты күн сайын ыстық тағаммен берілген ауданындағы 10-0 мектепті қамтамасыз етеді.
Мектеп асханаларында прогрессивті қызмет көрсету түрлері кең енгізілуде:
...