Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Автор:   •  Июль 6, 2023  •  Дипломная работа  •  13,803 Слов (56 Страниц)  •  191 Просмотры

Страница 1 из 56

[pic 1]

[pic 2]

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР,

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР

4

4

КІРІСПЕ

6

1

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1

Кәсіби бағдар берудің қалыптасу тарихы

11

1.2

Кәсіби бағдар беру жұмысына теориялық көзқарастар ғылыми негізделген жүйе ретінде

18

1.3

Білім алушыларға кәсіби бағдар беруде психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізудің ерекшеліктері

26

2

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1

Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін
диагностикалау

32

2.2

Кәсіби бағдар беру барысында оқушылардың жекелік қасиеттерін
коррекциялау

38

2.3

Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық-педагогикалық диагностикасы бойынша эксперименттік жұмыс нәтижелері

44

ҚОРЫТЫНДЫ

49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

51

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

БТ – бақылау тобы

ДДО – дифференциалды диагностикалық сауалнама

ЭТ – эксперименттік топ

КҰҚ – коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы  2012 жылғы 14 желтоқсан – Астана, Ақорда, 2012.

 ҚР Президентінің Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйек 2021 ж.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы. – Астана, 2012.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:

Бағдар – қоршаған ортаны түсіну (қозғалыс бағытын анықтау және таңдау).

Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру үрдісін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені.

Диагностика (грекше diagnostica, dia – айқын, gnostica – белгілі құбылысты танып білу әдістері мен ұстанымдары туралы ілім) – ғылыми-эксперименттік әрекетті сипаттайды. Диагностикалық әдістер жеке тұлғаны немесе белгілі бір топтың психикалық ерекшеліктерін сипаттап қоймайды, оларды өлшеп, сапалық және сандық сипаттама береді. Диагностика арқылы тұлғаны немесе ұжымды зерттеу белгілі педагогикалық мақсатты шешуге бағытталады.

Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.

Кәсіби бағыттылық – бұл қоғамның әртүрлі кәсіптердегі қажеттіліктеріне және сәйкес қызмет түрлеріне жеке тұлғаның қабілеттеріне байланысты ғылыми негізделген анықтамасы.

Кәсіби бағдар беру – халық шаруашылығы мамандарының қажеттіліктерін ескере отырып және тілектеріне, бейімділіктеріне, қабілеттеріне сәйкес жұмысқа орналасу үрдісін оңтайландыруға, сондай-ақ нарық жағдайында еңбекке деген қажеттілік пен даярлықты, меншік нысандары мен кәсіпкерліктің реттілігін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені. 

...

Скачать:   txt (216.1 Kb)   pdf (908.5 Kb)   docx (615 Kb)  
Продолжить читать еще 55 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club