Мектепте үстеудің мағыналық түрлерін оқыту кезінде тілдік дағыдыларды қалыптастыру
Автор: Serzhann • Сентябрь 28, 2023 • Курсовая работа • 6,984 Слов (28 Страниц) • 162 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | 3 5 |
1.1 Ескерткіш тіліндегі үстеулер және олардың шығу тектері | 5 |
1.2 Үстеудің мағыналық түрлері және олардың ерекшеліктері | 7 |
ІІ.ҮСТЕУДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ | 10 |
2.1 Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың сипаты | 10 |
2.2 Мектепте үстеудің мағыналық түрлерін оқыту кезінде тілдік дағыдыларды қалыптастыру | 14 |
3. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ | 25 |
ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | 30 31 |
КІРІСПЕ
Курс жұмысының өзектілігі: Біздің қазақ тіліміздің сөздік қоры да мол, әрі көп салалы. Қазақтілінің грамматика саласындағы сөз таптарын меңгерту – «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі мәселелерінің бірі. Сөйлем бөліктері – сөздердің құрылымдық-семантикалық немесе лексика-грамматикалық топтары. Олар бір-бірінен өрнектелген мағынасы, морфологиялық белгілері, туынды және қалыптасу қасиеттері, синтаксистік қызметі жағынан ерекшеленеді. Сөйлем мүшелерінің өзіне тән белгілері, ортақ белгілері, қарым-қатынастары мен даму жүйесі болады. Осы сөйлем мүшелерінің бірі - үстеу.
Үстеу – оқулықтарда көрсетіліп жүргендей, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Үстеуге жататын сөздердің өздеріне тән лексика-грамматикалық мағыналары бар. Олай болса, үстеу – сөздерді топтастырудың бірінші ұстанымына сәйкес, яғни семантикалық сипаты жағынан мезгілдік, мекендік ұғымды білдіретін сөздер. Үстеулер – тілімізде өте көне заманнан бері қолданылып келе жатқан сөздер. Сондықтан бұлардың қалай жасалғандығы жөніндегі ғалымдар арасында түрліше пікір бар. Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын үстеулердің өзіндік зерттеу тарихы бар. Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, П.М. Мелиоранскийдің, Н.Ф. Катановтың еңбектерінде үстеулер жеке сөз табы ретінде қарастырылған. Жұмыста дамыта оқыту технологиясы және оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының оқушы шығармашылығын дамытудағы тиімділігі көрсетілді. Ч.Темпл, К.Мередит, Д.Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының оқушының танымдық қабілеті мен ойлау белсенділігін арттырудағы орны нақтыланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөз табы ретінде үстеулерді оқытудың мақсаты мен міндеттерін анықтау, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектерінің ерекшеліктері мен пікірлеріне сүйеніп, тілдік дағдылардың ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Ғылыми зерттеу көздеріне сүйене отырып, тақырыптың теориялық сипатын ашу.
2. Оқушыларға үстеулердің мағыналық түрлері тақырыбы бойынша берілетін білім көлемін анықтау.
3. Үстеулер түрлерін оқытуда қамтылатын инновациялық технология түрлерін саралау;
4. Теорияны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың тілдік дағдыларды қалыптастыру.
Зерттеу пәні: үстеуді оқыту әдістемесі.
Зерттеудің нысаны: тілдік дағдыларды дамыту.
Зерттеу жұмысының болжамы: үстеу түрлерін оқыту барысында оқушыға берілетін білім түрлері логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырса, тілдік дағдылар үйлестіріліп отырса, нәтижесінде оқушының шығармашылық белсенділігін қалыптастыруға бағытталса, онда оқушыныңой дербестігі, оқу әрекеті жанданады.
Зерттеудің әдістері: тіл дамыту әрекеттерін зерттеуде жаңа технология әдістерін қолдану.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...