Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасында жерлерді бағалау

Автор:   •  Март 3, 2023  •  Реферат  •  2,048 Слов (9 Страниц)  •  171 Просмотры

Страница 1 из 9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

 

 

 

 

 

 

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында  жерлерді бағалау

 

 

 

 


Орындаған: Абибуллаева А

                              Тобы: АП-21-6к5
                                           Қабылдаған:Онгарова А

 




Шымкент 2021

                           Мазмұны

Кіріспе

1.1 Жерді бағалау түсінігі, мақсаты, мазмұны және қолдануы

1.2 Қазақстан Республикасында кадастрлық бағалауды орындау

1.3 Жер кадастрын жүргізу және жерді бағалау жұмыстары

      ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Материалды игіліктерді құруда жер маңызды орынды алады. Ол байлық көзі және қоғамдық өндірістің материалды негізі болып табылады. Жерді табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде пайдалану кезінде сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталады. Жердің сапасы табиғат факторлары мен шарттарынан басқа, экономикалық шарттарға да байланысты, сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде бағалау қажеттілігі туындайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекеттік меншікке тиесілі. Заңмен орнатылған негіздерде, шарттар мен шекараларда жер жеке меншікке де тиесілі болады. Заңға сәйкес меншік иесі жерді келіскен баға бойынша сатуға, жер телімін шаруашылық серіктестіктің қорына салым ретінде салуға, кепілдікке беруге, сыйға тартуға және мұрагерлікке қалдыруға құқығы бар. Жерді пайдаланудың құқығы азаматтық-құқықтық актілердің негізінде беріледі. Яғни жерді пайдалану құқығына қатысты қабылданған заңдар оларды нарықтық қатынасқа енгіуге мүмкіндіктерін кеңейтті.

Сондықтан, әрбір жер телімі бағалануы тиіс, себебі бір жағынан жер жылжымайтын мүлікке теңестірілді, ал басқа жағынан жер телімдері капитал болып барады, егер құнарлылықты жоғарылатуға қаржылық, материалды және еңбек салымдарын салып дұрыс және мұқият қолданатын болса, оның құны жоғарылайды.

1.1 Жерді бағалау түсінігі, мақсаты, мазмұны және қолдануы

Жер Қазақстан Республикасында табиғи ресурс, жылжымайтын мүлік объекті және өндірістің негізгі құралы ретінде құны бағалануы тиіс.

Баға – жылжымайтын мүлік объектінің немесе оған кез-келген қызығушылығының есептік немесе сараптама құны, оны жылжымайтын мүлікті бағалау мен талдау бойынша маман, уәкілетті тұлға орнатады.

Бағалау процессі – бағаны алу үшін пайдаланылатын іс-шаралардың белгілі реті.

Жер телімін бағалау процессіне келесі кезеңдер кіреді:

1 Кезең. Бағалау міндетін анықтау;

2 Кезең. Ақпаратты жинау, тексеру және талдау;

3 Кезең. Жер телімін ең тиімді пайдалану шарттарын талдау;

4 Кезең. Бағалаудың 3 тәсілі негізінде нарықтық құнын есептеу – шығындық, салыстырмалы және кірістік және алынған нәтижелерді үйлестіру.

5 Кезең. Бағалау туралы есепті дайындау.

Жылжымайтын мүлік объектісінің (жер телімі немесе жалға беру құқығы) құны деп бәсекелестік нарықта сату-сатып алудың ықтималды бағасын немесе осыған ұқсас басқа операцияларды (кепіл, сақтандыру т.б.) жүргізуді айтады.

Басқа бағалау жұмыстары (нарықтық немесе инвестициялық құнын анықтау, сатып алу бағасын, ипотека құнын анықтау т.б.) тәрізді жерді нормативті бағалау арқылы жер телімінің ақшалай құндылығы орнатылады. Нормативті бағаны анықтайтын әдіс шығынды қажет етеді және жылжымайтын мүліктің бәсекелессіз нарығында қолданылады. Нормативті бағалаудың нәтижесі – территориялық бағаны аудандастыру, әрбір бөлінген аймақ бойынша жердің аймақтық құнының көрсеткіштерін орнату және базалық мөлшерлемеге қатысты түзету коэффициенттері арқылы ескерілетін, жер телімінің жеке сипаттамаларын ескеріп оның кадастрлы құнын орнату.

...

Скачать:   txt (31 Kb)   pdf (138.2 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club