Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа медиа - жаңа заман жаршысы

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Реферат  •  327 Слов (2 Страниц)  •  661 Просмотры

Страница 1 из 2

Жаңа медиа -  жаңа заман жаршысы

Қазір 21 ғасыр. Ақпарат пен жаңа технология заманы. Заман жаңарғандықтан адамдар да, ойлау жүйесі де дамуда. Қарапайым мысал ретінде интернет-журналистиканы айта аламыз. Қазірде жас болсын, орта буын өкілдері болсын, көпшілігі газет беттерін ақтарып, жаңалықтар оқымайды. Әрине, ескінің адамдары ғана оқыры анық. Қарапайым өзімізді мысалмен келтірейікші. Таңертең ұйқымыздан ояна салысымен, қолымызға ұялы телефонымызды алып, әлеуметтік желіні ашып қараймыз. Сондағы мақсат - елде қандай жаңалықтар болып жатыр екен деген ой. Сондықтан қазірде осыған сәйкес, түрлі интернет ақпарат құралдары дамып келе жатыр. Соның бірі – Tengrinews бағдарламасы. Бұл бағдарламада түрлі жаңалықтар жарияланып отырады. Өзінің жеке қосымшасы да бар. Жаңалықтары қазақ және орыс тілінде беріліп отырады.

Мақалаларының сапасына келер болсақ, тексті сапалы, әрі түсінікті тілді жазылған. Ешқандай асыра сілтеу мәтіндерінде кездеспейді. Бағдарламасында қызықты бес бөлім бар. Бірінші бөлім, ол «қара» деп аталады. Ол жерде түрлі елде болып жатқан жаңалықтар жарияланып отырады. Мысалы, «Нұр-Сұлтанда бір топ әйел Еңбек министрлігінің ғимаратының алдына жиналды». Ал екінші бөлімі «Оқы» деп аталады. Бұл бөлімде көпшілігі танымдық мақалалар жарияланған. Мысалы, «Үркер шоқ жұлдызы туралы түсінік». Үшінші бөліміне келер болсақ, бұл бөлім «Қара» деп аталады. «Қара» бөлімінде түрлі видеоматериалдар жинақталған. «Улап жатқандар да сол ауаны жұтады» деген фактчекер желідегі фейктер туралы өзінің ойын айтқан видеосы жарияланған. Төртінші бөлім «TENGRITRAVEL» деп аталады. Атауынан-ақ түсінікті болар, бұл бөлім туристтер үшін, не болмаса демалысқа қай елге барарын білме жүрген адамдар үшін керемет бөлімнің бірі. Мысалы, «Туристтердің пікірінше ең жақсы және нашар қалалар аталды» деген мақаласы бар. Бесінші, әрі соңғы бөлім «Тыңда» деп аталады. Бұл бөлімде түрлі подкасттар мен радиолардың тікелей эфрилері жарияланып отырады. Подкаст деген не деген сұрақ ойыңызда пайда болуы мүмкін. Подкасттар - бұл аудио бағдарламалар, телешоулар немесе блогтар, оларды жүктеуге немесе әлеуметтік желілерден тыңдауға болады. Подкаст пен радионың басты айырмашылығы - жанр мен тақырыпты таңдау және кез келген уақытта тыңдау мүмкіндігі. Бұл Netflix немесе Youtube сияқты, тек аудио түрінде болады.  Tengrinews бағдарламасында «Жұлдыз FM», «TengriFM», «VostokFM» радиоларының тікелей эфирлеріне қосылу мүмкіндігі бар.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (64.6 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club