Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз
Автор: 800508401539 • Ноябрь 16, 2022 • Эссе • 895 Слов (4 Страниц) • 485 Просмотры
Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз
Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану,
адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы
мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық
шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты
жүрекпен ұға білу болып табылады.
(В.А.Сухомлинский)
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы»,–деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңа-шыл ұстаз болу - бүгінгі өмір талабы. Бір өзі бір ғасырдың жүгін арқалаған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «мұғалімді - дала өлкесінің шамшырағы, мәдениеттің жарық жұлдызы, жаңа әдет, тәртіп, тазалық, өнердің үлгісі» деп санады. Бүгінгі рухани жаңғырған, дамудың жаңа мүмкіндіктеріне қадам басқан мемлекетімізде «педагогика» деген сөз де гректің «бала жетектеу» деген бастапқы тура мағынасынан алыстап, өз алдына білім, ғылым жолына айналғандығы айқын.
«Жаңа Қазақстан, жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» — бұл білім беру жүйе-сіндегі бәсекеге қабілетті маман, білім кеңістігіндегі мәдениет пен өнердің даму негізі. Ал ұстаз - адам қалыптастырушы үлкен мамандық иесі, қоғамдағы ма-ңызды тұлға. Білімді, қабілетті ұрпақ мемлекеттің баға жетпес қазынасы дейтін болсақ, қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға даярлау болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - ізденімпаз, жасампаз, жаңашыл ХХІ ғасыр мұғалімінің әлемдік педагогика тәжірибелерін зерттеп, ұлттық педа-гогика негізінде сабақты түрлендіріп, заманауи педагогикалық технологияны қолдану әдістемесін терең меңгеріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі шарт бо-лып табылады. Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалып-тастыруда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді кең қолдану да шеберлік. Шә-кіртке білім нәрін жылылықпен бере білу де аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.
...