Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз
Автор: Гулдана Саримова • Февраль 21, 2022 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 688 Просмотры
Л.Шахатов орта мектебінің
математика пәні мұғалімі
Есболатова Айзада
«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»
Ұстаз-ұлы есім. Әрдайым құлаққа жағымды естілер асыл ұғым. "Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі"- деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, мектептің жүрегі үнемі үздіксіз соғып тұруы тиіс. "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен-тарихтағы ең ұлы
істің бірі"(К.Д.Ушинский). Айтылар ұлағатты сөздер де, мақалдар да көп.
Ұстаздықтың қадірі асқақтамаса, аласарған емес. Еңбегі еселенер мамандықтың бірі әрі бірегейі ғой.
Ұрпақтың санасына білім бере отырып, жаңалықты жатсынбай
қабылдайтын, шәкіртін өз баласындай көріп, жанына нұр құйып, көзқарасты түбегейлі 180 ° с-қа өзгерте алатын жөні де, жолы да бөлек аяулы жандар.
Сыныпта 25 оқушы болса, олар міндетті түрде 25 түрлі болары да сөзсіз.
Бірі қырсық, бірі қыңыр, бірі ақылды. Жас шыбықтың тамыры терең,
жапырағы жайқала өсіп, гүлденуі үшін 25 оқушыға 24 сағат уақытын арнауға да даяр. Шындыққа шырылдап, шынайы ықыласты аямайды. Бәлкім,
сондықтан да "екінші анамыз" дейтін болармыз.
Әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне қадам бастық. Қалаған мамандығымыздың соңына түсіп, өмір-керуен қайда
жетелесе, сонда жол тарттық. "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан" демекші, өмірден өз орнымызды тапқан дұрыс қой. Адам фәниде 2 нәрседен қателеспеуі керек: "бірі-жар таңдау, екіншісі- мамандық таңдау"- деп жатамыз ғой. Бәлки, сол қателіктің алдын-алу үшін, балалық шақтан ұстаздықты армандағанымыз соншалық, өз мұғалімдерімізге еліктейтінбіз. "Әдебиет-ардың ісі" дегендей "қиял әлемінің", "шынайы әлемге" айналғаны қуантар дүние. Алғаш қалам ұстатып, шығармашылық жолына қадам
...