Жаңа медианың дәстүрлі журналистикаға әсері
Автор: Zhadyra4 • Апрель 15, 2022 • Курсовая работа • 27,947 Слов (112 Страниц) • 423 Просмотры
«Жаңа медианың дәстүрлі журналистикаға әсері»
Кіріспе........................................................................................................ | ||
1. | Жаңа медиалық журналистиканың даму тенденциялары.................... | |
1.1 | Журналистика саласына дәстүрлі медианың алып келген беделі....................................................................................................... | |
1.2 | Қазақстанда жаңа медианың қалыптасуы............................................. | |
1.3 | Жаңа медиа жүйесін бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы интернеттің рөлі......................................................................................... | |
1.4 | Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылықтары…………. | |
2. | Қазақстанда жаңа медианың дәстүрлі журналистикаға ықпалы . | |
2.1 | Әлемдік журналистикада медиакеңістік стратегиясы мен тактикасы.................................................................................................. | |
2.2 | Қазақстандағы медиа конвергенция үрдісі........................................... | |
2.3 | Конвергенция үрдісінің дәстүрлі журналистика астарлары | |
Қорытынды............................................................................................... | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................... |
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Әр ірі әлеуметтік, техникалық құбылыстың өзіне тиесілі дәуірі, салтанат құрар уақыты болары анық.Өзекті мәселесі, міне, осындай себеп пен салдардан бастау алады. Осы орайда әлемдік жаһандану феномені Қазақстандық медиа саласына да белгілі бір кезеңде ықпалын жүргізуде. Осы ықпал нәтижесінде ақпараттық қоғам мүмкіндіктерін барынша пайдалануға қол созған қоғам жаңа коммуникациялық жүйені, қарым– қатынас жедел дамытуда. Инновациялық жетістіктер, сандық технология мен интернет вариациясы аудиторияның сегменттелу жылдамдығын ұлғайтып, баламалы мүмкіндіктерді арттыруда. Осылайша, қоғам жаңа медиаға бет түзеуде.
Жаңа медианың дәстүрлі медиадан бірнеше артықшылықтары бар. Атап айтқанда, интернет кеңістік арқылы ақпаратты бүкіл әлем аудиториясына жылдам жеткізуге мүмкіндігі; жаңару жеделділігі бар, әртектес сайттарды бір бетте топтастыруға мүмкіндік туады және де қаржылық үнеудеулерге мүмкіндіктер туады. Осы теxнологиялардың ұтымдылығы: мобильді қосымшалар арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын оқу тиімділігі артып, визуалды құралдар көмегімен мәтінді оқу жеңілдеді.
Сонымен «жаңа медиа» технологиялары үнемі дамып, интернет кеңістігін оңтайлантыруда және оны желілік саясат үшін қол жетімді етуде. Бірақ бұл қоғамда қалыптасып қалған дәстүрлі медиаға қаншалықты оң немесе теріс әсерін тигізуді зерттеу, сонымен қатар бұндай даму жылдамдығы қоғамды ақпараттандыру процестеріне теріс әсері туралы зерттеулер алып бардым.
Зерттеудің нысаны. Жаңа медианың дәстүрлі журналистикаға әсері
Зерттеудің пәні: Жаңа медианы дәстүрлі медиадан ерекшеліктері мен қолданылуы.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жалпы жұмыстың мақсаты «жаңа медианың» саяси аспектісін қарастыру, оларды қолдану ерекшеліктерін және олардың дәстүрлі журналистика саласына ықпал ету дәрежесін анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың алға қойған мақсатына жету үшін келесі міндеттерді тұжырымдадым:
– медиа сфера феноменін қарастыру және оның қоғамның саяси саласындағы рөлін талдау;
–«жаңа медиа» ұғымын ашу, осы құбылыстың саяси коммуникация нысаны ретіндегі ерекшелігін анықтау;
– «жаңа медиа» негізгі түрлерін және оларды қолдануды қарастыру;
– «жаңа медианың»дәстүрлі медиадан ерекшеліктерін қарастыру;
– Әлемдік журналистикада медиакеңістік стратегиясы мен тактикасын зерттеу;
– Қазақстанда жаңа медианың дәстүрлі журналистикаға ықпалын зерттеу.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысында бүгінгі дамып келе жатқан «жаңа медиа» саласын дәстүрлі журналистика саласына әсері анықтау үшін жүйелі, кешенді талдаулар жүргізілді. Контент-сараптама, типологиялық салыстыру, жүйелеу, мониторинг жасау әдістері қолданылды.
...