Онлайн журналистика және жаңа медиа
Автор: Kani54 • Июль 13, 2021 • Эссе • 1,081 Слов (5 Страниц) • 579 Просмотры
Онлайн журналистика және жаңа медиа Заман өзгерген сайын бәрі де қарқынды өзгеріп жатыр. Әрине, бұл тұрғыда журналистика да бір орында тұрып қалған жоқ. Ол да заман ағымына ілесіп, бейімделіп кетті. Соның бір дәлелі - онлайн журналистика. Алдымен, онлайн журналистикаға тоқталмас бұрын, жалпы журналистиканы бір қозғап өткім келіп отыр. Жалпы, өз басым журналистика дегенде күнделікті өмірде болып жатқан оқиғалар мен қоғамдағы маңызды тақырыптар жайлы ақпараттарды жинақтап, бір ізге келтіріп өңдеп халыққа ұсынатын ақпарат көзі деп білемін. Ал журналист - сол ақпаратты таратушы, жеткізуші адам деп түсінемін. Әр нәрсенің бір бастауы болады емес пе? Тура сол сияқты журналистиканың шығу тарихы да сонау Гутенбергтің кезінен бастау алады. Сол уақытта ең алғашқы журналистика мерзімді басылым пайда болған еді. Мерзімді басылым біраз уақытқа дейін жетекші рөл атқарды. Тіпті оның ықпалды болғаны сонша Еуропадан соң Ресейдің жартысын жаулаган Напалеон Бонапарт: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт жүз газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген екен. Мерзімді басылымнан соң 1800 жылдың соңына қарай радио шықты. болған Ал 20 ғасырдың 20-30 жылдары телевизия пайда болды. 1990 жылдары батыста интернет қарқынды түрде дамыды. Соның нәтижесінде 21 ғасырда онлайн журналистика пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін бізге журналистиканың 5 түрі мәлім. Олар: Мерзімді басылымдар; Фотожурналистика; Радиожурналистика; Тележурналистика; Онлайн -журналистика. Осы жерде атап өтейік, онлайн журналистиканы интернет журналистика деп те атайды. Енді осыларға жеке-жеке, қысқаша анықтама берсек. Мерзімді басылым — бұл журналистиканың ең ежелгі, дәстүрлі санаты. Бұған ақпараттық газеттер - журналдар жатады. Радиожурналистика — журналистиканың ақпаратты радиохабар құрылғылары арқылы тарататын түрі. Бұның ерекшелігі ақпарат мерзімді басылыммен салыстырғанда тез арада жеткізіледі. Сонымен қатар радио арқылы жүргізушінің эмоциясын тыңдаушы аудиторияға сезіліп естушіге эмоционалдық әсер ете алады. Ал тележурналистика қазіргі таңда жер жаһанға кеңінен тараған, қоғамға ықпал ете алатын әрі ақпаратты аудиториясы көп журналистиканың бір түрі. Фотожурналистика - бұл негізгі фокусы сурет түсіру. Алайда сырт қарағанда оп-оңай болып көрінгенімен әдемі фото түсіре білу ол да өнер. Жыл сайын журналистикадағы ең беделді сыйлық Пулитцер марапатын осы фотоға да тағайындалады.
Журналистиканың соңғы адаптацияланған нұсқасы интернет журналистика жайлы сөз қозғасақ. Интернет яғни онлайн журналистика - соңғы онжылдық көлемінде әлемдік интернеттің дамуымен бірге қатар дамыған, қазіргі таңда жаппай қолданысқа ие болған журналистиканың жаңа, тың бағыты. Журналистиканың түрлерін түсіндік. Енді бір ойланып қарасақ, журналистика мен медиа бір ұғымды білдіретін сияқты болып көрінеді. Әрине бұған себеп күнделікті өмірде журналистиканың болашағы немесе қазіргі жағдайы я болмаса жай ғана тілшілікке қатысты сөз қозғасақ медиа деп жиі қолданамыз емес пе?! Өзге тұрмақ өзім де осылай жиі айтамын әрі оқимын. Дегенмен бұл екі ұғым мағынасы бір біріне жақын болғанымен екеуі екі түрлі ұғымды білдіреді. Осы жерде жақында "медиа және журналистика" атты кітап оқып едім. Сол жерде медиа мен журналистиканың айырмашылығына былайша анықтама берген. Жаңа медиа дегеніміз ақпарат пен ойын-сауық хабарларды цифрлық жолмен тарату механизмі. Ал журналистика деп өз уақытындағы оқиғалар, үрдістер, мәселелер және адамдар жайлы жаңа ақпаратты жинақтау мен үлкен аудиторияға жеткізу құралын айтамыз делінген. Әрине, журналистикада заман ағымына ілесіп бейімделіп, онлайн журналистикаға көштік. Дәстүрлі медиа әлі де бар, бірақ оның ықпалы мен аудиториясы жылдан жылға азайып келе жатыр. Осы жерде парадокс дәстүрлі медиа ықпалы әлсіресе, керісінше жаңа медиа әсері күн сайын артуда. Алайда
...