Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады

Автор:   •  Октябрь 4, 2023  •  Эссе  •  1,584 Слов (7 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 7

                                «Адамгершілік болмай әділдік болмас»

Серікқалиқызы Айпара 

tokenovva134@mail.ru

 

 

Философия және этика мамандығының 2 курс студенті  

Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ , Астана, Қазақстан

 

              Ғылыми жетекшісі : Кемербай Рауан

 

   “ Адамның адамшылығы- ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады.”

                                                                                                 Абай Құнанбайұлы

Адалдық адамгершілік бастауы. “ Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол”- деген Ұлы Абай. Адалдық- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі деп саналған.

Адамға қойылатын басты талап- асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойыңа сіңірген , ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам- өзінің адамгершілігімен , қайырымдылығымен, адалдығымен және әділеттілігімен ардақты.  Халқымыз қайырымды – мейірімді жанды адамгершілігі мол адам деп дәріптеген. Қайырымды- мейірімді жан өзгелерді , басқа адамдарды ойлап , соларға қол ұшын беруші жан . Ал , адамдардың қамын жеу дегеніміз адамгершілікке келіп саяды. Адамгершілік- адамның рухани арқауы.

Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап , өзінің пендешіліктерін ,  басқаша айтқанда өзінің тозағын жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы- қасіреті оның осы пендешіліктен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақіреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты .

“ Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі”- деп Ыбырай атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу. Дұрыс еліңе адал адамды қалыптастыру баланың туылға кезінен басталуы керек. Халықта “ Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деп бекер айтылмаған . Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік , мейірімділік , қайырымдылық , яғни адамгершілік құнды қасиеттерді бойына сіңіру біздің қолымызда.

Менің ойымша , осынау қамшының сабындай қып- қысқа өмірде таза ниетті ,  сенімді , алдамайтын , сөзімізге берік , әрбір істе қара қылды қақ жаратын әділ болуымыз керек. Бес күндік жалғанда арымызға ,  дақ түсірмей өтірік пен жалғандықты бойымыздан аулақ неге ұстамасқа ? Мысалы , адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмірінің соңына дейін әділдікті , адалдықты насихаттап басқаларға іс жүзінде үлгі болды. Сондықтан ары таза адал мінді өмір сүреді. “ Кімде- кімнің әділдігі жоқ болса , оның ұятыда жоқ”.

“ Алла Тағала адамды жаратты ,  адам ақшаны ойлап тапты , ал ақша адамдарды ақыл- ойынан айырды”- осы сөздердің мағынасына үңілсек , менің жазып отырған мақаламды түсінесіздер.

“ Танылған жерде бай сыйлы , танылмаған жерде тон сыйлы ,” дегендей , бұл әлем ақша ырығында билейтін заман болды. Бұл ақшалар әлеме көптеген қиындықтар қатарын тізді. Бәрін қиратып , бұзады. Егер ақшан болса ,  барлық қиындықтар мен кедергілерді жеңуге болады , ал ақша болмаса көптеген қиындықтарға тап боласыз. Адам үшін ақша өте маңызды болып кетті , тіпті адамдар адамгершілік қасиеттерді ұмытқаның көріп жатырмыз.

Қарапайым адамдар қазіргі заманда өздерінің қалаулары бойынша өмір сүре алмайды. Қазіргі заманда адамдар күн көрістің қамын ғана ойлайды. Осының бәрі сыбайлас жемқорлыққа алып келді. Бай , ауқатты адамдар өздерінің жеке  бастарының мәселелерін осындай жолдармен шешсе , қарапайым адамдар бұндай жағдайда не істерлерін білмей қалып қояды.

“ Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді”- дегендей, қазіргі заманда адалдық барма? Өкінішке орай заман талабы ма әлде адамдардың жеңілдікке үйренгені ме, әділдік емес, күніміз сыбайлас- жемқорлыққа алып келген күн болды. Адам үшін ақша өте маңызды болып кетті, тіпті адамдар адамгершілік қасиеттерді ұмытқан. Бұл, нәтижесінде жоғарғы жақтағылардың салғырттылығы мен жауапкершілігінің жоқтығының салдарынан. Алайда жоғарғы жақтағылар сыбайлас жемқорлықтың бар екенін біле тұра қалай ғана көз жұма қарап отыр екен деген менде  үлкен сұрақ туындап отыр.Сырттай қарайтын болсақ кейбір салаларда әділдік жоқ. Бірақ барлық салада емес. Бұның барлығы қоғамымызға өте үлкен кедергісін тигізеді. Адамдардың барлығының ойлауы мүмкін барлық жерде сыбайлас жемқорлық бар деп. Сондықтан адамдардың ойында сыбайлас жемқорлықтың арқасында барлық проблемаларды шешуге болады деп ойлайды. Егер де сізге белгілі бір құжаттарды жинау керек болса , ол құжаттар жоғарғы жақтардан өтетін болса , онда әрбір кезеңдерінде жоғарғы жақтағыларға ақша беріп барлық мәселерді шешуге болды деп ойлайды. Әрбір «беделді азаматтардың» қолы ақшамен бағаланады. Егер сіз төлеуге қарсы болсаңыз, олардың қара тізімінің бақылауына ілігемін деп ойлайсыз. Сізге ешкім көмектеспейді, көңіл де аудармайды деп ойлайсыз. Сіздің жұмысыңыздың алдыға басуы әрқашан да ақшамен шешіледі деген ойлар мазалайды. Сіз жемқорлықты тоқтата алмасаңыз да , жемқорлыққа жол бермеңіз. Сыбайлас жемқорларды тойдыруды тоқтатуымыз керек.Егер біз ақшаның тілін ғана түсінетін заман болса, біздің армандаған заманымыз осы ма еді? Әрқашанда болашақ ұрпақ жайлы ойланыңыздар. Егер жемқорлықты тоқтатқыңыз келсе , бірінші болып қадам басыңыз. Осы тақырыпта жемқорлық туралы өлең жолдарын жаза кетсем...

...

Скачать:   txt (19.6 Kb)   pdf (116.1 Kb)   docx (155.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club