Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлер
Автор: temirlan_rahiev • Март 25, 2018 • Реферат • 488 Слов (2 Страниц) • 2,723 Просмотры
Курс тақырыбы:Отбасы тәрбиесінің түрлері.
Сабақ тақырыбы:Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлер.Олардың тәлімдік мәні.
Өткен тарихымызға,еліміздің тұрмыс-тіршілігіне ой жіберіп қарасақ,халықтар өміріндегі ұлы өзгерістер мен әдет-ғұрып,қоғамдық салт-дәстүрлердің едәуір жаңарғанын байқаймыз.Халықтың санасында сақталған ұлттық салт-дәстүрлердің алуан түрлері өзінің өміршеңдігін көрсетіп қайта жандана бастады.Бүгінгі өмір салтымен қалыптасқан жаңа әдет-ғұрып,дәстүрлер де баршылық .Ұлттық салт-дәстүрлердің біразы уақыт сүзгісінен өтіп,заман талабына қарай жаңаша сипат алған болса(мәселен,үйлену тойлары,шілдехана,балаға ат қою,т.б),ал екінші бөлігі жаңа заман тудырған дәстірлі мерекелер,той-жиындар(туған күн,мектепке бару тойы,әскерге шығарып салу,аттестат алу,шопандар тойы,қарттарды құрметті демалысқа шығарып салу,жұбайлардың алтын,күміс,гауһар тойлары,т.б)Жаңа заман тудырған салт-дәстүрлердің мазмұнына байланысты олардың өткізу рәсімдері де жаңарды.Енді соларға тоқталайық.Той өткізер алдында ескерілетін жайлар:ең алдымен асаба сайлау.Себебі,тойдың жинақы, мәнді де мағыналы өтуі той басқарушы асабаға байланысты.Сондықтан той иелері асабалық қызметті кез келген адамға тапсыра салмай,шешендік өнері бар,жиналған қонақтарды аузына қаратып,оларды ән мен жырдың,қалжың-оспақ сөздердің әуенінде көңілді етіп ұстай білетін адамға жүктеуі керек.
Мектепке бару тойы әдетте отбасында өткізіледі.Ата-ана баласының білім әлеміне алғашқы қадам жасауын қуанышпен атап өтетін үлкен мереке.Жас балдырғанның жан дүниесіне жақсылық нұрын сеуіп,балапан сезімін байыта түсетін мұндай тойдың тағылымдық жағы мол.Тойды баланың әкесі немесе шешесі басқарғаны дұрыс.Балаға тартылған сыйдың тәрбиелік,өнегелік жағына ерекше мән берген жөн. Бұл ретте-домбыра,кітап,күйтабақ,фотоаппарат,т.б лайықты да орынды тарту-сыйлар болмақ.
Туған күнді салтанатты жағдайда отбасы мүшелері мен ең жақын достары ,туыстары жиналып атап өтеді.Азаматтардың туған күнін тойлау-соңғы кезде өмірімізге енген жақсы дәстүр.Балалардың туған күнің өткізу оларды қоғамшыл болуға,көпшілік алдында дұрыс отырып-тұруға,өзін ұстай білуге үйретеді.
...