Жаңа және қазіргі заман тарихы: негізгі түсініктер, кезеңдері
Автор: Kamshat200116 • Октябрь 13, 2021 • Лекция • 10,272 Слов (42 Страниц) • 447 Просмотры
М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ[pic 1]
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
БИМАКАНОВА ЗЫЛЫЙХА ШАХМЕТОВНА
«ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІС КУРСЫ
Білім беру бағдарламасы: «География»
Петропавл қ.
2020 ж.
Дәріс курсы Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедра мәжілісінде бекітілген
«27» 04 2020ж. № 15 хаттама
Кафедра меңгерушісі
______________________ [pic 2] Абуов Н.А.
(қолы) (Аты-жөні)
- Тақырыбы1.1: Жаңа және қазіргі заман тарихы: негізгі түсініктер, кезеңдері. Ағылшын буржуазиялық революцияның алғы шарттары және негізгі кезеңдері.
1. Кіріспе. Жаңа және Қазіргі заманға. Жаңа кезеңнің отарлық жүйесінің жалпы сипаттамасы.
2. Ағылшын абсолютизмі жəне оның ерекшеліктері. Англиядағы азамат соғыстары. ХVІІ- ХІХ ғасырдың 1-ші жартысындағы Англия.
3. Англиядағы өнеркəсiп төңкерiсiнің басталуы. ХІХ ғасырдағы Англияның əлеуметтік-экономикалық дамуы Парламенттік реформа үшін күрес.
XIX ғасырдың ортасына таман Англияда өнеркәсіптік төңкеріс аяқталды. Көптеген техникалық жаңашылдықтар мен түрлі машиналар ағылшын өнеркәсібінің барлық негізгі салаларында пайдаланылды.
Фабрикалық капитализмнің дамуымен темір жол құрылысы тығыз байланысты болды. 1814 жылы Дж. Стивенсон паровозды ойлап тапты. 1829 жылы Ливерпуль-Манчестер үлкен жолы салынды. 1807 жылы американдық Р. Фултон кемені ойлап тапты. Ол су асты қайығын да дайындады.
Өнеркәсіп төңкерісін басқа елдерден ерте аяқтаған Англия XIX ғасырдың ортасында ұтымды жағдайда болды. Оның алдыңғы қатарлы өнеркәсібі барлық бәсекелестерден тауардың арзан бағасы және тауардың сапасымен басымдыққа әлем нарығындағы толық монополисына жол ашты. XIX ғасырдағы Англия өнеркәсібінің дамуындағы басты ерекшелік ауыр индустрияның қарқынды өсуі болды. Англия «әлемдік фабрика» деген мәртебеге ие болды. 80 жылдардан бастап Англия өнеркәсіптік даму қарқыны бойынша, ал кейбір салаларда өндіріс көлемі бойынша АҚШ пен Германияға жол бере бастады.
Англияда конституциялық монархияның қалыптасуы мен саяси дамуы. XIX ғасырдың өң бойы ХХ ғасырдың басында Біріккен Ұлыбритания Корольдігі деп аталған бұл мемлекет контитуциялық монархия жолын тандады. 1688 жылы «Әулетті революция» нәтижесінде Англияда конституциялық монархия орнады. Ұлыбританияның конституциялық құжаттарына сәйкес номиналдық мемлекет басшысы монарх болып табылады. Қазіргі ағылшын корольдері туралы «олар патшалық құрады, бірақ басқармайды» деп айтылады. Бірақ XIX ғасырда ХХ ғасырдың басына дейін король билігі ерекше рөльге ие болды. Ол мемлекеттік істерге араласудың кең мүмкіндіктерін иемденді. Корольдің келісімі парламентті шақырып, тарату үшін қажетті болды. Оның қол қоюынсыз бірде-бір занның күші болмады. Король атқарушы билікке де өз ықпалын жүргізді.
XIX ғасырда Ұлыбританияның саяси басқаруы «викториялық кезең» немесе ғасыр деп аталынды.
Бұл «Викториялық ғасыр» тек Викторияның патшалық құрауымен сипатталды. Ол Англияның өнеркісіптік, теңіз, сауда мен отарлық өркендеуінің шыңы кезеңі болуымен ерекшеленді. 1876 жылы 1 мамырда Виктория Үндістанның патшайымы да болып жарияланды. Осы уақыттан бастап «Британ империясы» деген атауы пайда болды. Парламент те империялық деп аталына бастады. Осылайша, империализм деген термин пайда болды. Викторияның тағының мұрагері оның ұлы VII Эдуард болды. Ол 1910 жылдың 6 мамырына дейін елді басқарды. Одан кейін билік 1936 жылға дейін V Георгтың қолына шоғырланды.
...