Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жазу

Автор:   •  Январь 25, 2023  •  Реферат  •  513 Слов (3 Страниц)  •  163 Просмотры

Страница 1 из 3

Жазу - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құруының бір түрі. Ауызша сөйлеу адамдар арасындағы қарым-қатынасты толық қанағаттандыра алмады. Сондықтан да жазудың пайда болуы коммуникацияны арттыра түсті. Жалпы екеуінің де адамзат үшін қызметі өте үлкен. Негізі жазу пайда болмай тұрып талай жылдар бойы қарым-қатынас құралы тек ауызша сөйлеу ғана болды. Әртүрлі технологиялардың дамып жетілуі, адамның прогресске ұмтылуы жазудың пайда болуын қажет етті.

Жазу болмаса жалпы өркениет те болмас еді. Сонау тас ғасырынан бастап бүгінгі кезеңге дейінгі адамның жеткен жетістіктерінің бәрі осы жазудың арқасында. Ауызша сөйлеу жақын жердегі коммуникацияны қамтамасыз ететін болса, жазу алыстағы коммуникацияны қаматамасыз етеді. Сондай-ақ жазу адамның ойын таңбалап, қағазға түсіріп қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін қалыптастырып, кеңейтеді. Жазу - адамзат мәдениетінің ең жоғарғы көрсеткіші.

Жазу пайда болғаннан кейін оның белгілі нормалары, стилі қалыптасты. Алғашында жазу қазіргі кездегідей анық емес еді. Ежелгі адамдар әр түрлі таңбалар мен белгілерді қолданған. Сол арқылы бір-біріне бағыт-бағдар беріп отырған.

Жалпы жазудың бізге белгілі 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы, әріп жазуы. Адамзат тарихындағы ең алғашқы жазу ол - пиктографиялық жазу, оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктограммалық таңбалар арқылы жазылатын бұл жазу көбінесе затты, құбылысты сызба түрінде көрсеткен. Бұл жазудың ерекшелігі кез-келген тілде сөйлейтін адамдарға да түсінікті ортақ жазу болды. Негізінде пиктографиялық жазу іспеттес белгілерді қазіргі кезде де пайдаланамыз. Олар әр түрлі жолдағы шартты белгілер.

Пиктографиялық жазудан кейін пайда болған жазудың түрі идеографиялық жазу. Бұл жазудың ерекшелігі пиктографиялық жазу тұтас сөйлемді білдірсе, ал идеографиялық жазу жеке бір сөзді білдірді.

Келесі пайда болған жазу түрі - буын жазуы. Буын жазуының силлабикалық жазу деген атауы да бар. Бұл жазуда әрбір таңба буынды білдіреді.

...

Скачать:   txt (7.1 Kb)   pdf (39 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club