Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

№8 Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз

Автор:   •  Июнь 25, 2018  •  Эссе  •  410 Слов (2 Страниц)  •  4,907 Просмотры

Страница 1 из 2

№8 Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы кейіпкерлердің мінезін сомдаудағы ерекшеліктерін талдап жазыңыз

«Қан мен терде»   ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылы, революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, революция рухымен ояна бастаған, таптық күреске аттана бастаған қазақ халқының өмірі суреттелген. Психологиялық, тарихи, өмірлік, адами тұрғыда көптеген шиеленістерден құралған бұл шығарма жазушының шеберлігін танытқан үздік роман дей аламыз.

«Қан мен тер" трилогиясындағы сюжеттік- компазициялық желілері де бір бағытта өрістегенімен авторлық, лирикалық шегіністер роман оқиғаларын айқындай, айшықтай, толықтыра түседі. Қаһарманның қиындықпен жарыса əділетке, толыққанды бақыт пен өмірге құлшынысын, психологиясын көрсетуде жазушы үлкен шеберлік танытады.

Трилогияның басты кейіпкер- Еламан. Бір бағытты ұстанған, өмірдің ағысымен емес ағысқа қарсы жүзе алатын динамикалық характер. Жазушы өзінің дисертациясында «Еламан бойындағы қасиеттердің көпшілігі өзіме ұқсас» деген болатын.

Жазушы өмірі жайлы естелігінде: «О заманда қалмақ та, қазақ та көшпелі, бір соғыста атамыздың санына садақ жебесі тиеді. “Жау марқайып кетеді”, – деп жарасын жасырып, оқ тиген санын қанжығаға қайырып байлап, шайқаса берсе керек. Сөйтіп, жарасы асқынып кетеді. Ағасы Қыдырбай дереу сынықшы алып келіп көрсетеді. Сынықшы: “Аяқты кесу керек, әйтпесе өледі. Ол үшін төрт жерге төрт қазық қағып, аяқ-қолын байлап, екі жігіт кеудесінен басып отырсын”, – дейді. Өткір пышақ, тұзды су, түйенің шудасын алдырып, ем-дом жасауға кәдімгідей дайындалады. Сонда Тайқожа: “Көзім тіріде кеудеме ешкімді мінгізбеймін, шыдаймын, төзімім жетеді!” – деп дес бермей, аяқ-қолын кергізбей, тақиясын тістеп, ақырына дейін шыдап жатса керек. Сынықшы оқ тиген аяғын кесіп, байлап, сыртқа шығады. Жігіттер батырдың қарысып қалған жағын қылыштың ұшымен ашса–тістелген тақия қырқылып қалыпты. Содан әлгі атамыз Ақсақбөрі атанған. Бұл кісінің мінезін “Қан мен тер” романындағы Еламанның бәзбір тұстарына қиыстырып келтірдім»– деп Еламанның мінез-бітімін сомдаудағы ерекшелігінен сыр шертеді.

...

Скачать:   txt (6 Kb)   pdf (72.1 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club