Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауру курациясы және қортынды клиникалық ауру тарихын жазу

Автор:   •  Октябрь 19, 2018  •  Реферат  •  2,465 Слов (10 Страниц)  •  1,733 Просмотры

Страница 1 из 10

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

[pic 1]

[pic 2]

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: Ішкі аурулар пропедевтикасы

Тақырыбы:  Ауру курациясы және қортынды клиникалық ауру тарихын жазу.

                                                                                         

                                                                     

 

Ақтөбе 2018 жыл

                                 Паспорт бөлімі

Аурудың аты-жөні: Каулешов Іңкәрбек

Туылған жылы: 8 наурыз 1981 жылы

Жынысы: ер

 

Ұлты: қазақ

Білімі: орташа

Жұмыс орны:  «Кенкияк» күзетші

Мекен-жайы:  Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бестау ауылы, Жаңақұрылыс көшесі,  8үй

Ауруханаға түскен күні:        02/04/2018

Ауруханаға жеткізілуі:        жоспарлы түрде

Алғашқы диагноз:        қосжақты созылмалы пиелонефрит, асқыну

Клиникалық диагноз: Қосжақты созылмалы пиелонефрит, СБЖ

                                     Шағымдар

Негізгі  шағымдар:

  • Ауыру сезімі;
  • бас ауруы;
  • дене температурасының 38сқа дейін көтерілуі;
  • қызбамен бірге сәл  қалтырап ауруы;
  • иррадиацияланбайтын бел аймағының тұрақты сыздап ауыруы;
  • зәр бөлінудің өзгерістері;
  • жиі зәр бөлу, бас айналу

 Қосымша шағымдар:

  • Жалпы әлсіздік;
  • ұйқының бұзылуы;
  • ұйқы қашу;
  • тез шаршағыштық;
  • жұмысқа қабілетінің төмендеуі;
  • тәбеттің төмендеуі, жүрек айну.

Ауру тарихы(Anemnesis morbi)

Науқас өзін  2012 жылдан бастап аурумын деп есептейді. Сол жылы науқас жағдайы ауыр болып, қалтырап тоңу, зәр шығару кезіндегі шаншып ауыру секілді шағымдармен ауруханаға түседі. Кейін оған зерттеулер жүргізіліп,стационарды емделеді. Емдеуші дәрігермен жедел пиелонефрит диагнозы қойылады. Кейін үш жыл бойы науқас «Д» тіркеуде тұрып, ем алады. Фурадонин препаратын (апта бойы күніне бір таблеткадан төрт рет , кейін қалыпты жағдай үшін қабылдаған) және сульфаниламидтер қабылдаған.

        2016 жылы бүйрек аймағындағы ауырсыну, дене қызбасымен жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіледі. Стационарға қабылданбаған, спазмолитиктер тағайындаған.

        Науқас аурудың туындау себебін жұмыс орнымен байланыстырады. Жұмыс орны салқын, вахталы әдіспен басқа ауданда жұмыс жасайды. Бірнеше рет салқын тиген, содан кейін бүйрекке қатысты ауру сезімдері туындап, аймақтық дәрігерде «Д» тіркеуде тұрған.

        Бұған дейін  зәр анализдер жасалған. 27.03.18 жылы науқас жағдайы нашарлайды: бас ауруы, айналу, қан қысымының жоғарылауы 180/100 мм.сын.бағ, бел аймағындағы сыздап тұрақты ауыру сезімі, зәр бөлінудің өзгерісі секілді шағымдармен аймақтық дәрігерді шақыртады. 02.04.18 науқас жағдайы өршіп, жоспарлы түрде ЖЖМАна  жіберіледі. Қабылдау бөлімінде қан қысымын өлшеп, 190/100 мм.сын.бағ. болған. Кезекші дәрігерге қаралып, көп салалы  бөлімге госпитализацияланған.

                        Аурудың өмір тарихы(Anamnesis vitae)

1.Жалпы өмір-баяны: науқас Қобда ауданында   1981 жылы дүниеге келген. Отбасында 5 бала болған, соның 3-шісі болып туылған. Науқас сөзі бойынша ешқандай асқынусыз дүниеге келген. Бірнеше ай ана сүтімен қоректенген, кейңн сиыр сүтімен қоректенген.  Әлеуметтік жағдайы орташа деңгейде. Жер үйде тұрады.

2.Балалық және жастық шағы: : Жасына сай дамып, жетілген. Қатарластарынан ешқандай психикалық, физикалық дамуы бойынша ерекшеленбеген.  Мектепке 7 жасынан барған. Дене шынықтыру мен  спортпен айналысқан. Әскерде болмаған.  

...

Скачать:   txt (29.9 Kb)   pdf (329.3 Kb)   docx (808.1 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club