Программа құрылымы. Арифметика-лық өрнектерді жазу ережелері. Turbo Pascal 7.0 тілінде сызықты құрылымды програм-малардың алгоритмін жазу
Автор: Kamalov • Апрель 7, 2019 • Реферат • 11,824 Слов (48 Страниц) • 1,086 Просмотры
№1 Тәжірибелік жұмыстың тақырыбы:
Программа құрылымы. Арифметика-лық өрнектерді жазу ережелері. Turbo Pascal 7.0 тілінде сызықты құрылымды програм-малардың алгоритмін жазу.
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты: TURBO PASCAL тілінде білімгерлерді сызықты құрылымды қарапайым есептерді шешуді үйрену. TURBO PASCAL тілінде құрама және шартты операторды бағдарламалауды үйрену.
Тақырыпқа қысқаша шолу: TurboPascal тілде жазылған бағдарламаның құрылымы.
Паскаль тiлiнде бағдарлама тақырыпшадан, сипаттау бөлiмiнен, операторлар бөлiмiнен тұрады:
PROGRAM аты
Сипаттау бөлiмi;
BEGIN
Операторлар бөлiмi;
END.
Сипаттау бөлiмi Бағдарламада кездесетiн барлық шамаларды және олардың сипатын (шамалардың атын, олардың типiн, ықтимал мәндерiн) көрсетуге бағытталған. Бұл бөлiм өз кезегiнде белгiлердi, тұрақтыларды, типтердi, айнымалыларды, процедура мен функцияларды сипаттайды.Әрбiр сипаттаудан кейiн нүктелi үтiр “;” қойылады.
Операторлар бөлiмi BEGIN және END түрiндегi операторлық жақшаға алынады. END операторынан кейiн нүкте қойылады. Операторлар бөлiмiнде орындалатын операторлардың тiзбегi жазылады. Әрбiр оператор мiндеттi түрде орындалатын әрекеттi көрсетедi. Орындаушы операторлар бiр бiрiнен нүктелi үтiр “;” арқылы ажыратылады. Төменде Паскаль тiлiндегi бағдарламаның қурылымы жалпы түрде көрсетiлген:
PROGRAM аты ;
LABEL - таңбалар бөлiмi
CONST - тұрақтылар бөлiмi
TYPE - типтер бөлiмi
VAR - айнымалылар бөлiмi
PROCEDURE, FUNCTION
BEGIN
1 - операторлар;
2 - операторлар;
...
n - операторлар;
END.
Меншіктеу операторларының жалпы түрі:
V:=A;
мұндағы: V-айнымалы, А-өрнек.
А өрнегі түрақтылардан, айнымалылардан, функция атынан, операция және жақша белгілерінен тұруы мүмкін.
Егер өрнек жақшадан тұрмаса, онда операция келесі қатармен орындалады:
- NOT
- *,/, DIV, MOD, AND
- +, -, OR
- =, <>. <.>=. IN
Енгізу процедурасының жалпы түрі:
READ (V1, V2,…, VN);
мұндағы: VI,V2,…,VN-айнымалылардың иденфикаторлары.
Айнымалылардың мәні айнымалылардың типімен сәйкес келуі керек.
Шығару процедурасының жалпы түрі:
WRITE (P1, P2,…, PN);
мұндағы: P1, P2,.., PN-шығарылатын айнымалылардың иденфикаторы:
Жұмыстың орындалу үлгісі:
Берілгені v=y+p мәнін анықтау керек, мұндағы a, x, z бастапқы мәндерін бергендегі [pic 1]; [pic 2] .
Есепті шешу алгоритмі
Есептің қойылымының талдауы бұл есептеуіш процесс сызықты екенін көрсетеді. Мұндағы берілген мән a,x,z, аралық мән – y,p, нәтижелік – v өлшемі болып табылады. Алгоритмнің схемасы төменде көрсетілген.
2 блокта берілген мәндерді енгізу жүзеге асады, 3..5 блоктарда y,p,v өлшемдерін табу жүргізіледі. 6 блокта шығыс өлшем нәтижесі дисплей экранына шығады.
[pic 3]
Бағдарлама тексті.
Program Example1;
{Комментарий текстті}
var {айнымалыларды анықтау блогы}
a,x,z,y,p,v:real; {заттық типті айнымалыларды анықтау}
BEGIN
Write(‘Введите a,x,z’);
Readln(a,x,z); {подсказка и ввод данных}
y:=Sqr(Sin(x*x)/Cos(x*x))*Sin(x*x)/Cos(x*x)+Sqrt(z*z/(a*a +x*x));
p:=Ln(a+x*x)+Sqr(Sin(x/a));
v:=y+p;
Writeln (‘v=’,v:8:3); {Нәтижелерді шығару}
END.
Есепті шешудің нәтижелері.
Ең алдымен есепті тестілеуді бастаймыз. Осы мақсатта бастапқы мәндердің мәнін нәтижелерді оңай есептеуге болатындай етіп береміз. Егер a=1, x=0.5,z=1 деп берсек онда v=1.364 аламыз.
Бағдарлама дұрысталған, тестіленген және қолдануға дайын.
[pic 4] функцияны есептейтiн бағдарлама құру керек.
х5 есептеу үшін келесi формула қолданылады:[pic 5]
Бағдарлама тексті:
PROGRAM LAB_1;
CONST PI=3.14159;
VAR X,Y:REAL;
...