Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқық бұзушылық түсінігі, заң алдындағы жауаптылық,жаза

Автор:   •  Январь 20, 2019  •  Курсовая работа  •  6,432 Слов (26 Страниц)  •  1,162 Просмотры

Страница 1 из 26

                       МАЗМҰНЫ  

КІРІСПЕ                                                                                                     3

1.ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

 1.1 Құқықтық тәртіп                                                                                  5

 1.2 Құқық бұзушылық түсінігі , түрлері                                                  6

2.ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ , ЖАЗА

2.1 Заң алдындағы жауаптылық түсінігі                                                 13

2.2 Жаза түсінігі және мақсаттары                       17

2.3 Жаза түрлері                       18

ҚОРЫТЫНДЫ                       22

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР                                                 24

[pic 1]

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық , жаза түрлері , түсінігі.

Құқықтық тәртіптің құрылымы қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс әрекет жасап , қатынас арқылы өздерінің мүдде мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі бұл қарым – қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп , мемлекеттің бақылауында болады . Егер қарым – қатынаста қателіктер кетсе , оны мемлекеттік органдар түзетуге тиіс . Құқық бұзушылық қоғамға , мемлекетке , тұлғаға қауіпті зиян келтіретін , қоғама жат іс - әрекет . Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп , арқа сүйеп қалыптасып , тіршілік етеді . Қоғамда тәртіп болмаса , ол құлдырайды , яғни келешегі болмайды . Мұны адамдар ежелден - ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда  тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған . Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез құлқын , іс – әрекетін реттейтін қағидалардың , есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым – қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі , ол көп салалы , көп жүйелі процесс . Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт . Адам баласы өмір сүрген ортада құқық бұзушылық орын алады . Бұл шартты құбылыс зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесі болып табылады . Дегенмен , қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарда аз болмаған . Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады . Заң алдындағы жауаптылық . Құқықтық тәртіп субъектілердің дұрыс тәртібі , нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау , іс - әрекетке қажеттілікке жол бермеу. Құқықты тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір , ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған . Бұл күресте қылмыс жасаған адамға , оның жасаған қылмысына сәйкес  жаза тағайындалады . Қылмыс пен жаза тығыз байланысты құқықтық түсінік . Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жаза соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болғандықтан , қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады . Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы . Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу , зорлау сипаты . Олар күш көрсету , моральдық , материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады . Тағайындалған жазаның ауыр - жеңілділігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне , айыпкердің жеке басына және басқа мән - жайларға байланысты . Жаза мемлекет қолындағы маңызды құрал , ол арқылы мемлекет адамды , оның бостандығын , заңды мүддесін , қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Жаза қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады. Міне, сол себептен курстық жұмыстың  тақырыбын зерттеу үшін үлкен тәжірибелік мәні бар .

Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық , жаза және олардың түрлері , ұғымы және түсінігі бойынша жеке зерттеу , құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен танысу.

Курстық жұмыстың міндеті: Құқықтық тәртіп , құқық бұзушылық , заң алдындағы жауаптылық , жазаның қоғамда алатын орны , негізгі белгілерін , түсінігі және түрлері тұралы түсінік беру.

 

1.ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ

1.1    ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП

Құқықтық тәртіп заңдылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, қоғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, заңдылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде қоғамда құқықтық тәртіп орнығады. Демек, құқықтық тәртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.  Құқықтық тәртіпті нығайту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот , прокуратура , полиция , ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.

...

Скачать:   txt (86.9 Kb)   pdf (341.8 Kb)   docx (61.4 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club