Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру процесіндегі сынып жетекші рөлі

Автор:   •  Май 31, 2023  •  Доклад  •  412 Слов (2 Страниц)  •  195 Просмотры

Страница 1 из 2

Білім беру процесіндегі сынып жетекшісінің рөлі

Ұлттың болашағы ұрпағында болса,

ұрпақтың тәрбиесі ұстаз қолында.

Ал ұстаз мұраты мен мақсаты – жетілген,

толыққанды  жеке тұлғаны тәрбиелеу. 

Өмірде бір адам екінші адамға себепкер болып, алға жүруге талпындырып, дұрыс жолды нұсқап, ақ пен қараны ажыратуға, адалдықты сүюге, адамгершілікті бойына жиюға көмектеседі. Мәселен, ата-анамыз өмірге әкеліп бар керегімізді қамтамасыз етіп, тәлімді тәрбие беретін болса, ұстаз, соның ішінде сынып жетекші білім жолында да, шынайы өмірде де жетістіктерге қол жеткізуге, шәкірттің тұлға болып қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Осы тарапта білім беру процесіндегі сынып жетекшісінің рөлі қандай болмақ? деген сауалға жауап беру үшін өз тәжірибемдегі өткен күндерді сарапқа салып, іштей зерттеу жасадым. Иә, сынып жетекшісінің әр шәкірті үшін орны ерекше. Кейде дос болып оқушы жанын ұқса, көп жағдайда білім жолына шақырады.

Білім беру жолында өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіретін, жаңашылдыққа өзін-өзі бейімдеп, дамыта алатын, ой-өрісі кең, талапты да талантты, сапалы білімді саралай білетін тұлға қалыптастыру – сынып жетекші ретіндегі менің басты мақсатым.

Мектептегі тәрбиелік іс-шаралардың барлығын сынып жетекші ұйымдастырады. Сынып жетекшісінің қызметі әр оқушының жеке дамуымен, жеке қабілеттерін арттырумен тығыз байланысты. Сондықтан, оқушыға әлеуметтік-психологиялық тәрбие берумен қатар, білім беру процесінде де толағай қызметтер атқарады.

Мен бірнеше жылдық сынып жетекшілік тәжірибемде әр оқушының жан дүниесін түсініп, қызығушылығы мен талпынысын зерттеп, қай пәнге жақындығын ұғып, болашақтағы бағытын аңғару үшін түрлі формада жұмыс жасап келемін. Оқушы-ашылмаған кітап секілді. Оны ашып, оқи алған жан ғана тани алады және дұрыс нәтиже көрсете алады.

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (39.4 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club