Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Физикалық сапаны дамытуға арналған жаттығулар тізімі: жылдамдық

Автор:   •  Сентябрь 30, 2021  •  Эссе  •  269 Слов (2 Страниц)  •  763 Просмотры

Страница 1 из 2

Физикалық сапаны дамытуға арналған жаттығулар тізімі:жылдамдық

Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организмінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді.Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организмнің төзімділігі артады. Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады. Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмнедей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өтқізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл — қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау),бір орында тұрып 180–360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді.Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б қасиет — қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді.  Жылдамдық жаттығулары сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайға түскен кезде беріледі. Қимыл жиілігін дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады. Жарыс әдісіндегі жоғарғы сезім, қоздыру күші жылдамдық мүмкіншіліктерінің пайда болуына жақсы жағдай тудырады. Жоғары шекте жылдамдық жаттығуларын көп рет қайталау "шапшаңдық кедергісін" тудырады, ол оқушылардың жылдамдық мүмкіншіліктерінің өсуіне бөгет болады. Бұл кедергіні болдырмау үшін (мысалы, таудан кеңістікке жүгіру, бір нәрсеге тіркеле жүгіру, жеңіл снарядты лақтыру, т.б.) жылдамдық қалыптастыратын жаттығулар қолданылады. 

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (32.7 Kb)   docx (7.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club