Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халықаралық әуе құқығы

Автор:   •  Июнь 25, 2023  •  Реферат  •  3,742 Слов (15 Страниц)  •  274 Просмотры

Страница 1 из 15

 ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ ҚҰҚЫҚЫ»

Орындаған: халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенті

Ташегулов А. А.

                           

                           

                                                               Тексерген:

                                                               Байжанов

Алматы

2007

Жоспар:

1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

2. Халықаралық әуе құқығының негізгі қағидалары.

3.  Әуе кеңістігінің режимі және халықаралық ұшуды құкықтық реттеу.

4. Әуе қатынастарын халықаралық-құқықтық реттеу.

5. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы

Халықаралық әуе құқығы

1. Халықаралық әуе құқығы ұғымы және оның дамуы.

Халыцаральщ әуе қуқыгы - бұл құқықтық нормалар мен институттар жиынтығын көрсететін, әуе кеңістігін пайдалану және әуе қатынастарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекетгер арасындағы қатынастарды ретгейтін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

1. Бұл құқыктық нормалар мыналарды реттейді:

•  халықаралық ұшу және әуе кеңістігінің режимі;

• шетелдік әуе кемелеріне мемлекеттердің ұшу құқығын беру тәртібі мен шарттары;

•  мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшу ережелері;

•  шетелдік әуе кемелері мен олардың экипаждарына қойылатын талаптар;

•  әуежайларды, аэродромдарды, радиотехникалық құралдарды пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейді.

2. Әуе көлігі қызметі:

•  ұшу аппараттарына мемлекеттің әуе кеністігінде үшуға рұқсат берілген шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарының коммерциялық қызметін;

• шетелдік әуе-көлік кәсіпорындарына халықаралық әуе желілерін пайдалануға рұқсат беретін тәртіптер мен шарттарды;

•  шетелдік әуе кемелерінің қону бекеттеріндегі коммерциялық құқықтарының ауқымын; осы мемлекеттің аумағынан өтетін әуе кемелерінің халықаралық әуе желілерін пайдалану шарттарын реттейді.

Халықаралық әуе құқығының даму тарихын үш кезеңге бөлсек, бірінші және екінші дүниежүзіпік соғыстар олардың шекарасы болып табылады.

Бірінші кезең ішінде негізінен халықаралық әуе құқығының теориясы қалыптасты. Әуе кеңістігінін заңдық табиғаты жөнінде халықаралық құқықтық қоғам көптеген пікірталастар жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында авиациялық техниканың кеңінен дамуы және майдандарда ұшақтардың барлау және соғыс мақсатында ойдағыдай қолданылуы, әуе құқығы мәселелері бойынша алғашқы ұлтгық заңдардың қалыптасуына себеп болды. Сөйтіп, халықаралық әуе құқығының теориялық даму кезеңі аяқталды.

Осы құқық саласының екінші даму кезеңі мемлекеттің өз әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендігін тәжірибе жүзінде іске асыратын қағидаға арналады. Бұл қағида халықаралық-құқықтық сенімге ие болып, көптеген мемлекеттің ұлттық заңдарында бекітілген. Соғыс аяқталған соң әуе кеңістігінде мемлекеттік егемендік қағидасы үш көп жақты конвенцияда бекітілген: 1919 ж. Париж Конвенциясы, 1926 ж. Мадрид Конвенциясы және 1928 ж. Гавана Конвенциясы. Париж конвенциясы әуе кеңістігінің режимі жөніндегі мәселені қарама-қайшы екі шешімде мазмұндайды. Бір жағынан ол мемлекеттің әуе кеңістігінде толық және ерекше егемендік қағидасын бекітті, екінші жағынан ауа еркіндігі аумағы біршама жеңілдіктер жасады, сөйтіп ол конвенциядағы басқа мемлекеттердің аумақтарының үстімен азаматтық әуе кемесінін зиянсыз үшуын шешіп берді.

Осылай, Конвенция мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды көрсетумен қатар, мемлекеттік егемендік теориялар арасындағы және ауа еркіндігі жөніндегі келісімді белгілеп берді. Антантаның алдыңғы қатарлы державалары ерекше құқыққа ие болды. Париж конвенциясы екінші дүниежүзілік соғыстың басына дейін өмір сүріп, 1944 ж. Чикаго конвенциясы қабылданғаннан кейін ресми түрде алынып тасталды.

Мадридтік (немесе оны басқаша иберо-американдық деп атайды) әуе навигациясы туралы Конвенция Иберия түбегі (Испания және Португалия) мемлекетгері мен латынамерикандық мемлекеттер арасында 1926 ж. қабылданды. Осылай Мадрид конвенциясы Париж конвенциясы режиміне қарсы саяси демонстрация болды. Дегенмен бұл Конвенция тәжірибе жүзінде жетістіктерге жете алмады, өйткені оны 6 мемлекет қана бекіткен еді.

...

Скачать:   txt (55.8 Kb)   pdf (183.4 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club