Элита. Саяси элиталарды. Cаяси көшбасшылық
Автор: Аружан Джумагалиева • Октябрь 11, 2021 • Реферат • 928 Слов (4 Страниц) • 737 Просмотры
1) Элита ” термині француздың " elite " деген сөзінен шыққан , сұрыпталған , таңдалған , іріктелген деген мағынаны білдіреді . ХVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды ата ды . XX ғ . бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі , байлығы , беделі , билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді . Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулылар ға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады . Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғ . басында италия ғалым дары Г. Моска , В. Парето , неміс Р. Михельс және т.б. қалыптас Gay Hango тырды . Газмано Моска элита теориясын " Саяси ғылым негіздері " деген еңбегінде негіздеді . Онда ол қоғам басқа рушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді . Оған ұйтқы бола тын қасиеттерге әскери ерлікті , байлықты , діни дәрежені ( мәртебені ) жатқызды . Осы үш қасиет , онын ойынша , адамға бас қарушылар ( элита ) катарына кіруге есік ашады . " Элита " терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Па pemo . " Жалпыға бірдей социология трактатында " ол “ элиталардың айналу " теориясын жасады . Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқа сында келеді . Ол идея жузеге асканда олардың энергиясы азай ып , ізденісі баяулай бастайды . Олардың орнына жана идеямен жана элита билік басына келеді . Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ . Яғни , дейді олар , бір элита екiншiнi алмастырып , жаңа рып , қоғамды алға жылжытып отырады.
Роберт Михельс “ Саяси партиялар , Демократиянын олигархиялық үрдістері туралы очерк ” деген еңбегінде “ олигархияның темірдей заңын " шығарды . Оның ойынша , бұқара халықтың өзін - өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді . Парламенттік демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды . Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады . Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды , қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды . Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай , сақтап қалуға тырысатын томаға - тұйық дөңгелек , шеңбер пайда болады . Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалык билікке ие болады .
2) Саяси элиталарды қалыптастырудың , жоғары лауазымды қыз метке іріктеп алудың 2 түрі бар : антрепренерлык және гильдия жүйесі . Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері , көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады . Мұнда кандидаттың байлығына , кәсібіне , біліміне , мамандығына , т.с.с. онша мән берілмейді . Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын , жасампаздығын , белсенділігін көрсете білуі қажет . Мысалы , АҚШ - та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды . Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықты нымен , демократиялығымен , үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады . Сондықтан тұрақты демократиялык ел дерде бұл түр кең тараған . Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатка сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсок , принципсiз , ұрыншақ , авантюрист адамдардың билік басына келуі . Ондай адамдардың іс - әрекетін болжап , пішіп болмайды . Сондықтан қоғам өмірінде дау - жанжалдар , саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді . Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу бол са да анық көтеріліп отырады . Мұнда жоғары лауазымды қызмет ке үміткерге көптеген талаптар қойылады . Оған кандидаттық білімі , адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі , партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін . Талапкерлер белгілі бір таптың , топ тың , тектің , партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек . Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып сана лады . Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді , билеушіні тұйық қоғамдық топтан іріктеп алатын , кертартпа түр . Оның ар тықшылығы - саясаткердің болашақ іс - әрекетін алдын ала бол жауға , соған орай шара қолдануға болады . Билеуші элитаның ара сыңда дау - жанжалдың мүмкіндігін кемітеді . Осындай жүйенің бір түрінеке іріктеп алудың 2 түрі бар : антрепренерлік және гильдия жүйесі . Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері , көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады . Мұнда кандидаттың байлығына , кәсібіне , біліміне , мамандығына , т.с.с. онша мән берілмейді . Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын , жасампаздығын , белсенділігін көрсете білуі қажет . Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі — саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ , принципсіз , ұрыншақ , авантюрист адамдардың билік басына келуі . Ондай адамдардың іс - әрекетін болжап , пішіп болмайды . Сондықтан қоғам өмірінде дау - жанжалдар , саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді . Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу бол са да анық көтеріліп отырады . Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады . Оған кандидаттық білімі , адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі , партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін .
...