Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кадрлық саясат саяси-әкімшілік элитаның қазіргі заманғы экономика мен саясат салаларын басқару құралы ретінде

Автор:   •  Апрель 11, 2020  •  Статья  •  1,313 Слов (6 Страниц)  •  548 Просмотры

Страница 1 из 6

ӘОЖ 351/354

КАДРЛЫҚ САЯСАТ САЯСИ-ӘКІМШІЛІК ЭЛИТАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТ САЛАЛАРЫН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Есжан Арай Нұрғазыұлы

esjan.aray178@mail.ru

«Мемлекеттік басқару» мамандығының 1 курс магистранты

Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Ғылыми жетекші – Шамишева Н.Қ., э.ғ.к., доцент м.а.

Кадрлық мәселелер қоғамдық өмірдің барлық салаларында өзекті және маңызды болып есептеледі, өйткені олар ұсақ өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап мемлекеттік басқару органдарына дейінгі ұйымдардың тиімділігінің негізі болып табылады.

Қазіргі заманда қоғамдық үдерістердің үнемі өзгеруіне байланысты қызметкерлерді іріктеу өлшемдері де өзгерді. Әр түрлі құзыреттерге (жан-жақты кәсіби дағдылар, жеке бас қасиеттері, жұмыс тәжірибесі, белгілі бір салада жоғары кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін еңбек даулары мен қақтығыстарды шешу дағдылары) ие мамандардың құндылықтары жұмыс берушілер үшін басым бағыт болып табылады. Олар тиімді келісім-шарттармен, дипломдармен, лицензиялармен негізделген, бұл еңбек нарығының басқа сегменттерінен осы салаға жаңа қызметкерлердің келуін қиындатады. Оларда бастамашылдық, креативті ойлау, ынталанудың деңгейі жоғары. Сонымен қатар жұмыстағы автономдық және коммуникативтік құзыреттілікті айтуға болады [5].

Бүгінгі таңда кез келген мекеменің не кәсіпорынның маңызды атрибуты кадрлық әлеует болып табылады. Кадрлық әлеует ұйымның дамуының өмірлік айналымын қамтамасыз етумен бірге, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жағымды және оң ықпал етеді. Дұрыс жоспарланған басқару ұйымның жемісті және нәтижелі жұмыс жүргізуіне, міндеттемелердің уақытылы орындалуына, нарықтық, ақпараттық қоғамдағы жағымды беделін, орнын, мүддесін сақтауға көмектеседі [1].

Кадрларды сәтті таңдау, ең алдымен, нақты ойластырылған және жүзеге асуы тиімді кадр саясатының жүргізілуінің арқасында жүзеге асырылады.

Кадр саясаты – бұл белгілі бір қызмет түріндегі қызметкерлерді басқару жүйесі, оның ұзақтығы мен нәтижелілігі қажетті материалдық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етілуіне байланысты.

Кадрлық элита кадрлық саясатты қолданудың басты объектісі болып табылады, оның құрамына өзінің құзыреттеріне, бәсекелестерінен артықшылықтарына, жағымды жақтарына, нақты психологиялық қасиеттерді иеленуіне және пайдалануына байланысты ұйым жұмысын басқару стратегиясын нәтижелі әзірлеуге және жүзеге асыруға және осы саладағы негізгі қиындықтарды шешуге дайын адамдар санаты кіреді [3].

Қазіргі заманғы әлемде кадрлық саяси-әкімшілік элиталардың ақпараттық, нарықтық экономика, еркін саясат салаларындағы мәселелерді шешудегі маңызы соңғы онжылдықта аса көріне бастады. Мұны олардың саяси және экономикалық үдерістердегі рөлінің артуынан, әдетте, адамдар тобының санасын, іс-әрекеттерін жеке және жалпы мақсаттарға бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары арқылы қолдануларынан көруге болады.

Қоғамның жоғары сатысындағылар қабылдаған шешімдер соңғы жылдарда тек жекелеген елдер, аймақтар бойынша ғана емес, мемлекеттік бірлестіктер, ұйымдар, тіпті дүние бөліктері, құрлықтар бойынша да ауқымға ие болуда. Бұл елдің, халықтың, қоғамдық-саяси әлеуетіне элиталардың кәсібилігі, қызмет ету сапасы, әлеуметтік және этикалық қасиеттері шешуші әсер етеді және оны анықтайды [2].

Жоғары кәсіби және үлкен әлеуетке ие кадрлық элитаның қалыптасуы қазіргі замандағы Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар мен өзгерістердегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұны қазіргі замандағы қалыптасып жатқан жағдайлардағы қазақстандық қоғамның бәсекеге қабілеттілігі анықталатын міндет және басым бағыт деп есептесе болады. Мемлекет іскерлік қызметтің барлық салаларында, әлеуметтік, мәдени және қоғамның басқа да салаларында, мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде кадрлармен қамтамасыз етудің жаңа қажеттіліктеріне сүйене отырып, әлеуметтік дамудың ағымдағы және болашақ міндеттерін шешу қажеттілігіне тап болды. Бұл мәселеде мемлекеттік кадр саясаты қоғамның, кадрлардың кәсіби әлеуетін қалыптастыру, дамыту, қажет ету және ұтымды пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия ретінде түсіндіріледі.

...

Скачать:   txt (20.8 Kb)   pdf (101.5 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club