Саяси элита
Автор: Azhar Zhagypar • Декабрь 24, 2021 • Доклад • 288 Слов (2 Страниц) • 235 Просмотры
Саяси элита дегеніміз Арнольд Тойнбидің айтуынша – шығармашылық азшылық. Үстем мүмкіндіктерге ие немесе өз қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен қоғамның жоғарғы дәрежелі тобы .Ал саяси мәдениетке келсек ол - адамдардың өмір сүру жолы. Оны Алмонд пен Верба 3-ке бөліп қарастырған болатын . Қазір біздің елімізде халық билікке айтарлықтай көп араласа бермейді . Бұның негізгі себептері неде ? Халық бұған неге немқұрайлы қарайды және оның саяси өмірге қандай әсері бар ? Саяси элитаның бұған тигізер әсері бар ма ? Халықтың саясатқа немқұрайлы қарауы неге әкеліп соғады ?Жоғары да айтып өткенімдей Алмонд пен Верба саяси мәдениетті бөліп қарастырған болатын . Олар қатысу , субъектілік ,жершілдік саяси мәдениет . Қатысу саяси мәдениеті – азаматтардың саясатқа айрықша назар аударатын және соған саналы түрде қатысатын мәдениет [1]. Бұндай мәдениеттегі елдерге біз АҚШ- ты жатқызсақ болады . Америкада мақсатқа жетуде сізге ешкім кедергі келтірмейді. Адам өзінің ақыл-парасаты мен ерік-жігерін еш кедергісіз пайдалана алады. Сонымен қатар АҚШ президенті – халықтың қолындағы құрал. Қоғам жек көретін әрі жиіркенетін нәрсені ол да ұнатпайды [2]. Бұл жерде халық пен билік арасындағы тығыз байланыстың орнауына саяси элитаның да тигізер үлкен әсері бар . Халық мемлекетке қарағанда саяси элиталарға көбірек жақын болады . Сол себептіде олар билік пен қарапайым халық арасындағы көпір қызметін атқарып тұр .
Осы халықпен байланысты 2011 жылы Өзенмұнайгазда болған көтеріліске тоқтала кетсем [3]. Көтерілістің себебі билік жұмысшыларға назар аударып , мәселелерін шешуге тырыспаған . Осының әсері көтеріліске әкеліп соққан .
Менің
...