Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саяси элита және саяси көшбасшылык

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Лекция  •  2,757 Слов (12 Страниц)  •  775 Просмотры

Страница 1 из 12

№ 5 тақырып. САЯСИ ЭЛИТА ЖӘНЕ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҚ

1. Саяси элита ұғымы және теориялары, атқаратын қызметтері, қалыптастыру жолдары.

2. Саяси көшбасшылық, типологиясы мен атқаратын қызметтері.

Қандай қоғамда болмасын оның басында тұратын, дамуына бағыт-бағдар беретін тұлғаларсыз болмайды. Бұлар сол қоғамның ең ерекше, таңдаулы өкілдері. Бұл тақырыпта саяси өмір саласындағы таңдаулылар – элита мен көшбасшыларға (лидерлер) тоқталмақпыз. Тақырып барысында олар туралы теориялар, олардың атқаратын қызметтері, түрлері мен ерекшелікті белгілері қарастырылады.

1. Саяси элита ұғымы және теориялары, атқаратын қызметтері, қалыптастыру жолдары. «Элита» термині француз тілінен аударғанда - таңдаулы, іріктелген, сұрыпталған деген мағына береді. Бастапқыда ол таңдалған тауар сапасын білдірсе, XIX ғ. бастап таңдаулы адамдарды, ең алдымен ақсүйектерді, қоғамдағы жоғары әлеуметтік топтарды атау үшін қолданыла бастады. Бұл ұғымға қатысты теориялардың негізі ежелгі дәуірден бастап қалана бастады. Антика дәуірінде таңдаулылар туралы ойлар, ұғымдар Платон, Аристотель еңбектерінде, Қайта өрлеу дәуірінде осы дәуір идеологы Н. Макиавеллидің еңбектерінде кездеседі. Сол кезеңде бұл терминнің баламасы ретінде билікке қатысты аристократия, меритократия ұғымдары пайдаланылды. Қоғамдағы басқарушыларды талдауды нақты саясаттану ғылымында итальян ойшылы Н.Макиавелли ғылыми тұрғыдан қолға алып, элитаны – қоғамды басқаруды жүзеге асыратын билеуші топ ретінде сипаттап, оны ашық түрде күш көрсетуді жақтайтын “арыстандар” иілгіш, бейімделгіш саясатты жақтайтын “түлкілер” деп екіге бөлді. Макиавеллидің пікірінің негізінде элита теориялары онан әрі дамытылып, оның өкілдері ретінде Гаэтано Моска, Вильфредо Парето, Роберт Михельстің теориялары қалыптасты. Бұл ғалымдарды ғылымда «макиавеллилік мектептердің өкілдері» деп атауға болады. Италиялық заңгер, әлеуметтанушы Гаэтано Моска элита түсінігін «ұйымдаспаған көпшілікті басқаруды жүзеге асырушы, билікке бағытталған ұйымдасқан азшылық, саяси қатынаста өте белсенді адамдар» деп анықтайды. Жалпы алғанда қоғам үстемдік етуші азшылық пен оларға саяси тәуелді болатын көпшілікке бөлінетінін айта келіп ол осы үстемдік етуші азшылықты анықтайтын әскери ерлік, байлық, діни мәртебе секілді қасиеттер деп санайды. Элита теориясын бұдан кейін дамытқан Роберт Михельс идеясы ғылымда «олигархияның темірдей заңы» деген атпен белгілі. Оның пікірінше билік өзін басқаруға қабілетсіз халық бұқарасынан қорғау үшін арнайы таңдаулы тұлғаларды қаржыландырады. Осы азшылық уақыт өте келіп олигархияға айналады және басқарудың арнайы ұйымдарын құрады. Басқаша айтқанда бұлар өзінің мүддесін қорғайтын элитаны даярлайды. Американ ғалымы - Райт Миллс элитаны мәртебелік және стратегиялық деп бөліп, олардың өзінің басында әскери элита тұруы керек деп санайды. Бұл теорияның дәлелі қазіргі таңда көптеген мемлекеттердің билік басшыларының «Жоғарғы Бас қолбасшы» деген қызметті қоса атқаруымен, болмаса күштеу құралдарына, оларда беделі жоғары тұлғаларға сүйенуімен анықталады. Мұнан өзге теориялар негізінде Г. Лассуэл элитаны «жоғарғы үстем тап, қоғамда үлкен беделге, атаққа, байлыққа кенелген адамдар» ретінде анықтаса, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер харизматикалық легитимділікке ие тұлғаларды элитаға жатқызды. Артур Тойнби болса «шығармашылығы жоқ көпшілікке қарсы тұратын шығармашылық азшылықты» элита деп атайды. Саясаттану ғылымына ‘’элита’’ терминін тұрақты ұғым ретінде енгізген итальян саясаттанушысы Вильфредо Парето болатын. Оның теориясы ғылымда «элиталардың айналым теориясы» деген атпен белгілі. Қоғам дамуы барысында билік етуші элиталар тарихи даму барысында қоғам мен олигархияның жаңа талаптарына сәйкес келетін жаңа элиталарға орын беруі керек. Бұл тұрақты

...

Скачать:   txt (40.7 Kb)   pdf (83.9 Kb)   docx (17.7 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club