Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

Автор:   •  Март 3, 2024  •  Реферат  •  1,425 Слов (6 Страниц)  •  33 Просмотры

Страница 1 из 6

                

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

[pic 1]

БӨЖ - 1

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

                                                                           Орындаған:Жакупова К.Г., 1 курс

                                                                                               Әлемдік экономика

                                                                 Тексерген: Мұсатаев С.Ш.

2024 жыл

        Саясаттану көп парадигмалық пәндер санатына жатады. Парадигма ұғымын Томас Кун (1922-1996) ғылыми айналымға енгізді. Парадигма «мысал,модель, үлгі» дегенді білдіреді.

        Парадигма саясатты зерттеудің бағытын айқындайды, оның аясында зерттеуші саяси ізденудің дәстүрлеріне сүйене отырып, белгілі бір мәселені зерттейді. Саясаттанудың негізгі парадигмалары саясаттың маңызды сипаттамаларын табиғаттан тыс, табиғи және әлеуметтік факторлармен анықтау барысында қалыптасқан.

        Теологиялық парадигма саяси ілімдер дамуының бастапқы кезеңінде, билік пен мемлекет Құдайдың еркі мен қалауын білдіруші ретінде қарастырылған кезде қалыптасты. Теологиялық парадигма саясат пен биліктің туындауына жаратылыстан тыс тылсым күштер мен діни наным-сенім ықпал етті деген түсініктеме беруге тырысады. Құдай заңдары мен діни кодекстер кез келген әлеуметтік- саяси жүйенің, үкіметтің негізінде жатыр деп біледі. Саяси процесстер мен құбылыстардың бұл түсіндірмесі саяси ойдың алғашқы кезеңінен бастап ондаған ғасырлар бойына жалғасты.

        Мысалы, ежелгі Египетте перғауындарды Күн құдайының жердегі келбетіне теңесе, ежелгі Қытайда императорды Аспаннның баласы деп сенген. Ежелгі ғұндар тәңіршілдікке сыйынып, Қаған билеушілерін   «Тәңірқұты» деп атаған. Қытай тарихнамаларында «Тәңірқұт» деген сөздің «Тәңірдің ұлы» мағынасында екендігі нақты айтылған. Яғни қаған -тәңірдің берген құты, сыйы. Осыған ұқсас діни-мифологиялық сарындағы биліктің табиғатын түсіндіру шумерлер, ежелгі үнді, африкалық , европалық және америкалық ежелгі тайпалардың аңыздарында көптеп кездеседі.

        Саясат, билік пен мемлекетті діни тұрғыдан түсіндіру орта ғасырларда дами түсті. Әулие Аврелий Августиннің «Құдай қаласы туралы» еңбегі теологиялық парадигма негізінде жазылған. Оның көрсетуінше, адамзат тарихи процесте екі қаланы құрайды: Жердегі мемлекет-зұлымдық пен күнә патшалығы және Құдай мемлекеті – христиан шіркеуі. Мемлекет- бұл бастапқы күнә үшін берілген жаза, ол- адамдардың басқа адамдарға үстемдік ету жүйесі, ол адамдардың бақыт пен игілікке қол жеткізуіне арналмаған, тек осы күнәһар әлемде тіршілік етуге ғана арналған. Ал әділ мемлекет христиандық мемлекет деп көрсеткен.

        Ортағасырлық ойшыл Фома Аквинский теологиялық тәсілді қолданып, биліктің үш ерекше элементін негіздейді; қағидат, тәсіл және жүзеге асыру.Біріншісі Құдайдан келеді, екінші және үшінші элементтер адамның қатысуымен туындаған.

        Натуралистік парадигма саясаттың ерекшеліктерін , негізінен табиғи факторлармен -географиялық орта, климаттық жағдайлар, биологиялық және нәсілдік ерекшеліктер арқылы түсіндіріледі.Натуралистік парадигма дама табиғаттың ажырамас бөлігі деген ұстанымнан туындайды.Бұл тәсіл ежелгі уақытта қалыптасқан. Мысалы, Аристотель адамды саяси жануар,ал жеке меншікті  табиғи құбылыс деп санады. Макро- микрокосманың ұқсастығы, қоғамды биологиялық организм ретінде қарастыру идеясы пайда болады. XVII-XVIII ғасырларда натурализм еуропалық ағартушылық ойдың жетекші қағидаларының біріне айналды. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары физикалық ғылымдарда белгіленген заңдарды қоғамдық өмірге тартуға тырысты. XIX ғасырда аталмыш идеялар одан әрі таралды. XIX ғасырдың аяғындағы неміс ойшылы П.Ф.Лилиенфельд табиғи және әлеуметтік әлемдердің бірлігі постулатын ұсынды, яғни экономикалық өмір- бұл қоғамның физиологиясы, құқықтық институттар жүйесі- морфология,  үкімет – жүйке жүйесі.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (148.4 Kb)   docx (76.9 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club