Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

Автор:   •  Февраль 14, 2024  •  Контрольная работа  •  690 Слов (3 Страниц)  •  151 Просмотры

Страница 1 из 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ӘЛЬ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1] 

«Философия және саясаттану» факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

                                                          Орындаған: Төлеубай Ұ.Н

                                            Тексерген: Мұсатаев С.Ш

Алматы 2024 ж

Жоспар

1 Парадигма ұғымы

1 Саясаттану парадигмасына түсінік беру

2 Саясаттанудағы парадигма түрлері

3 Салыстырмалы талдау

4 Қорытынды

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

Парадигма ұғымын жалпы 20 ғасырдың 20-шы жылдары алғаш рет ғылымға Америкалық философ  Гарольд Уильям Кун енгізген болатын. Жалпы, парадигма темрмині грек тілінен аударғанда  «теория, үлгі» деген мағынаны береді. Белгілі бір зерттелуі қажет мәселені үлгі ретінде алынған теорияны парадигма деп атаймыз. Яғни, менің түсінігімде парагдима пайда болған мәселелрді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелердің  жиыны.

Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Зерттеуші парадигма жасау  белгілі бір саяси құбылысты, мәселені  зертеудің негізгі өлшемін, қалпын қалыптастырады. Сол арқылы ол деректерді жинап, талдайды, түсіндірмелерді алады, мағұлматтарды жинақтайды және бір жүйеге келтіреді. Саясаттанудағы  парадигма-бұл шындықты қабылдау және түсіндіру тәсілдерін анықтайтын нақты саяси ойлау, логикалық түрде жасалған модель.

Саясаттанудағы парадигма түрлерін теологиялык, натуралистік, әлеуметгік және тиімді сыни деген топтарға бөлеміз. Әр қайсысына қысқаша тоқталсам. Теологиялық парадигма саяси ғылымның алғашқы даму кезеңі кезінде пайда  болған түсінік болып табылады. Ол саясатты, билікті, билік иелерін құдайдың құдіреті, жоғарыдан жіберілген ретінде түсіндіріледі. Бұл түсінік бойынша барлық әлеуметтік, саяси құрылымдар құдайдың қалауымен жасалады және дамиды деген түсінік қалыптастырады.  Саясатты, билік күшін осылайша түсіндіруді  ғылыми деп атауға келмейді. Бұл тәсілдің негізінде тылсым дүниеге, жоғары адами күштен биік құбылыстың жасауы мүмкіндігіне сенуде деп ойлаймын. Алайда, бұл процесс бірнеше ғасырлар бойы өзекті басқару формасы болып табылды.  Келесі парадигма түрі- натуралистік. Натуралистік көзқарасқа сүйене отырып саяси биліктің мәні мен табиғатын әлеуметтік емес табиғи сипаттағы факторлар бойынша түсіндірді. Яғни, бұларға негізінен географиялық, психологиялық және биологиялық факторлар арқылы жасалған түсіндірмелерді жатқызды.  Географиялық орта, климат халықтың  рухын, мемлекеттік  және қоғамдық құрылысты анықтап саяси билігіне шешім қабылдауда өзіндік рөл атқарады. Ал, психологиялық факторға сүйенсек саяси дамудың негізгі итермелеуші күші адамдардың қасиеттері деп түсіндіреді. Биологиялық түсінікте саяси болып жатқан процестер адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерінен деген ұстаным бойынша жүргізіледі. Келесі әлеуметтік парадигма түрі саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Әлеуметтік парадигма таптар мен тап күресінің идеологиясының концептуалды тұғыры болып табылады. Тиімді (рационалды) сыни парадигма саяси биліктің ішіндегі себептермен, қасиеттермен және элементтермен байланысты деп түсіндіреді. Бұл парагдима түрінде 2 пікір қос топқа бөлінеді. Бірінші пікір «қақтығыстық парадигма»- саяси билік туындайтын жанжалдар белгілі бір шиеліністер мәселенің шешуші рөлін атқарады деп айтады. Ал, екінші пікір бойынша «мәмілеге келу» яғни, ол бойынша қақтығыстар жоққа шықпайды бірақ мәмілеге келу басты шешуші күш деп есептейді. Саясаттануда парадигмалар осындай түрлерге бөлінеді.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (258.2 Kb)   docx (211.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club