Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Автор: abdulkhak • Март 25, 2023 • Реферат • 2,184 Слов (9 Страниц) • 211 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультет : ФФИП
Мамандық: Әлеуметтану (1 курс)
СӨЖ - 1
Жасаған: Ғалым Ә.А
Тексерген: Мусатаев С.Ш
"Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау"
Көптеген гуманитарлы ғылымдар секілді, саясаттану пәні полипарадигмалық пәндерге жатады, яғни саясат зерттеуінде бірнеше концептуалды (тұжырымдамалы; жаңа ғылыми білім шығарған бағыт) бағыттардың мүмкіндігін мойындайды. Ал парадигма деген ол грек сөзінен алынған paradeigma – зерттемелі ғылыми есеп шығарудағы үлгі ретінде алынған теория. Парадигма – бұл зерттеу мәселелерін шешудің үлгісі ретінде қабылданған теориялар мен проблемалардың үлгісі ретінде қабылданған теориялар мен проблемалардың үлгілері. Саясаттану аясында саяси шындықты зерттеудің әртүрлі тұжырымдамалық тәсілдері бар. Парадигма ұғымын америкалық ғалым, философия тарихшысы Томс Кун (1922-1996) ғылыми айналымға енгізді.
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
Теологиялық парадигма — әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірілген кезден пайда болған. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қа растырылған. Теологиялық парадигма саясат пен биліктің туындауына жаратылыстан тыс тылсым күштер мен діни наным-сенім ықпал етті деген түсініктеме беруге тырысады. Құдай заңдары мен діни кодекстер кез келген әлеуметтік-саяси жүйенің, үкіметтің негізінде жатыр деп біледі. Саяси процестер мен құбылыстардың бұл түсіндірмесі саяси ойдың алғашқы кезеңінен бастап ондаған ғасырлар бойына жалғасты.
Мысалы, ежелгі Египетте перғауындарды Күн құдайының жердегі келбетіне теңесе, ежелгі Қытайда императорды Аспанның баласы деп сенген. Ежелгі ғұндар тәңіршілдікке сыйынып, Қаған билеушілерін “Тәңірқұты” деп атаған. Қытай тарихнамаларында “Тәңірқұт” деген сөздің “Тәңірдің ұлы” мағынасында екендігі нақты айтылады. Яғни қаған – тәңірдің берген құты, сыйы. Осыған ұқсас діни-морфологиялық сарындағы биліктің табиғатын түсіндіру шумерлер, ежелгі үнді, африкалық, европалық және америкалық ежелгі тайпалардың аңыздарында көптеп кездеседі.
Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңдерінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде өр түрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Мұнда билік табиғаттан тыс, ерекше абсолютті күш ретінде қарастырылады. Ол құдіретті күштің құралы, сондықтан адам билікке бой ұсынып, көнбістік танытуы керек. Теологиялық парадигма билік етуші субъектінің билік құру құқығын ор- нықтыруға қызмет етті. Бұл үшін билік құрушы адамдардың (көсемдер, монархтар) құдайлық тегі туралы, олардың билік құруға деген шексіз кұқығы туралы әр түрлі діни-мифологиялық конструкциялар пайдаланылады.
Теологиялық парадигма, саяси өмірдің маңызды құбылысы ретінде билік үшін күрестен шет қалмайды, ол бұл күресті бейнелеп, идеологиялық тұрғыңа негіздейді. Көрнекті христиан философы Аврелий Августин (б.з. 354-430 жж.) адамдар қауымдастығының бір-біріне кдрама-қарсы екі түрі: "құдай қаласы" және "жер қаласы" өмір сүреді деп есептеді. "Жер қаласы" — кемеліне жетпеген адамдардың шынайы өмірі, ал "құдай қаласы" — Құдайды сүю мен іздеу, бірақ оның жерде тұрағы жоқ болғандықтан ол қаңғыбастық пен үйсіздікке душар болған. Осылай Әулие Августин адамдардың нақты өмірі мен олардың саяси проблемаларының "жер қаласында" болатындығын атап көрсетті.
...