Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Автор: 62an6va • Февраль 4, 2023 • Эссе • 928 Слов (4 Страниц) • 627 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика және бизнес жоғарғы мектебі» факультеті
«Қаржы және есеп» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Оқытушы: Инкарбаев Е.Т.
Студент: Оканова Д.Н.
Мамандығы: Есеп және аудит
Алматы, 2023 ж.
Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау
Қоғамдық ғылымдардың ішіндегі орны ерекше ғылым саясаттану ғылымы болып табылады. Саясат адамзат тарихында негізгі рөлді атқарды және атқарып келеді. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде адамдардың, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, басқыншылық соғыс саясатын жүргізетін болса, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны белгілі. Егер оның орнына мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді әрі бейбіт саясатты ұстанып, жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары сөзсіз. Жалпы адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Сонымен, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлі әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Парадигма грек тілінен аударғанда теория, үлгі деген мағынаны береді. Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигманың көмегімен зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі мен қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинайды, талдау жұмыстарын жүргізіп, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды және жүйелейді.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары деп теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни парадигмаларды айтамыз.
Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның ең алғаш дами бастаған кезеңінде пайда болған. Алғашқы кезеңдерде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалып, құдайдың құдіретімен дамиды деген түсінік болған.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Ж.Боден және Ш.Монтескье есімді француз ойшылдары географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген. Олар географиялық орта мен климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады деп ойлаған. Ал неміс ғалымы П.Майер мен австриялық К.Лоренц саясатты биологиялық себептермен түсіндіріп, саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырған. Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм атты ғалымдар болса психологиялық бағыттың негізін қалап, саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіріп кеткен.
...