Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

Автор:   •  Сентябрь 30, 2023  •  Эссе  •  755 Слов (4 Страниц)  •  177 Просмотры

Страница 1 из 4

Жимбаева Абигайль Армановна  

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын салыстырмалы талдау

   Саясаттану – [грек, politike- мемлекетті басқару өнері, logos-сөз, ілім] – саяси білім туралы ғылым дегенді білдіреді. Саясаттанудың екі сипаты белгілі – ғылым ретінде және оқу пән ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси ойдың пайда болуы, оның дамуы, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдістерді зерттейді. Саясаттану әдістері – жалпы ғылымдардың қорларын негіз ретінде қолданады десек болады. Зерттеудегі өзіндік әдістері мен құралдары болуы оның ғылым ретінде ерекшеліктерін айқындауға әсер етеді.

  Саясаттанудың қызметіне келетін болсақ - қоғамда болып жатқан оқиғаларды тануға, танып білуге, маңызын түсінуге, мемлекет болашағын болжауға да болады. Саясаттану әлемдегі болып жатқан глобалды мәселелерді шешуге, сондай-ақ мемлекеттегі басқару жүйесін бақылауға көмектеседі. Жалпы айтқанда саясаттанудың атқаратын рөлі әлемдегі әрбір мемлекет үшін өте маңызды болып табылады.

  Барлық ғылымдар көп парагдималық пәндер санаты болып саналады, сол сияқты саясаттану да солардың қатарына кіреді. Парадигма дегеніміз – зерттеуге алатын мәселені толық зерттеп, оны шешу үшін қолданылатын теория түрі. Саясаттану да парадигмалардың бірнеше түрі бар. Олар саясатты зерттеудегі мәселелерді айқындап қана қоймай, көбісіне шешім табуға көмектеседі. Саясаттанудағы парадигма түрлеріне келтін боллсақ, олар: натуралистік, теологиялық, әлеуметтік-центристік деп бөлінеді.

  Нтуралистік парадигма – саясатты табиғи факторлармен түсіндіреді. Мысалы,климаттық жағдайлар,географиялық орта сияқты заттармен байланыстырады. Жалпы айтқанда натуралистік парадигма елдердің саясатында шешуші рөл атқарады, әсіресе мемлекеттің климаты оның құрылысына тікелей әсерін тигізеді. Саясаттануда натуралистік парадигма үш түрге бөлінеді. Олар: географиялық, биосаяси, психологиялық бағыттарда көрініс алды. Географиялық парадигма – ол климат, табиғи құбылыстар, мемлекет орналасқан аймақ жатады. Географиялық парадигманың негізін қалаушы Жан Боденнің тұжырымдамасы бойынша ол адамдардың да тұрмысына, мінез құлықтарына әсер етеді делінген. Бұл оймен толықтай келісемін, себебі қазіргі кезде климаттан көптеген заттар тәуелді. Мысалы, елдің теңіз жағасында орналасуын алатын болсақ, ол мемлекеттің экономикалық жағдайына көптеген пайда әкеледі.Былайша айтқанда, орналасқан аумағы мемлекеттің экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді десек болады, қазір де, бұрын да теңіз жағасында орналасқан елдердің дамуы жоғары деңгейде болған, олар көптеген елдермен сауда жүргізіп, туристтер қабылдап экономикаларын жақсартқан. Биосаяси парадигма – саясатты биологиялық негізбен қалыптасқан, былайша айтқанда ол генетика, физиология, экология сияқты заттарға сүйенеді. Осы парадигманың арқасында адамдардың билікке деген ұмтылысы, адамның жасы, жынысының мемлекетке әсерін зерттейді. Биосаяси парадигманы тұлғалардың, әлеуметтік топтардың, басқа да адамдардың мінез-құлқын зерттеуге негізделген. Мысалы, биосаяси парадигма арқылы адамдардың эволюциясын зерттеп, инстинкттарын сипаттауға болады.Сосын бұл парадигма саяси сайлаулар нәтижесіне болжамдар жасауға, адамдардың оған қарым-қатынасын зерттейді.Психологиялық парадигмаға келетін болсақ – ол адамдардың психологиялық көзқарасын түсіндіреді. Мысалы, сайлауға қатысудағы, билікке таласқандағы адамдардың мотивтерін қарастырады. Тағы бір мысал келтіретін болсақ, терроризм жасаған адамдардың мақсатын түсінуге тікелей әсер етеді.

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (68.5 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club