Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттанудың негізгі парадигмаларын cалыстырмалы талдау

Автор:   •  Февраль 1, 2023  •  Контрольная работа  •  818 Слов (4 Страниц)  •  325 Просмотры

Страница 1 из 4

  

Жоспар 

1. Саясаттану дегеніміз не? Саясаттану парадигмалары. 

2. Парадигмалар және оларды салыстыру. 

3. Қорытынды. 

4. Пайдаланылған әдебиеттер. 

 

  Саясаттану ғылымы қазіргі мағынасын толыққанды тек 18 ғасырдың екінші жартысында алды. Бұған дейін қоғамның саяси өмірі дәстүрлі түрде білімнің әлеуметтік-гуманитарлық салаларында қарастырылды. Содан кейін саяси ғылымды түпкілікті рәсімдеу және оны кәсібилендіру үшін жүз жылға жуық уақыт қажет болады.Терминнің өзі екі грек сөзінен тұрады: саясат (мемлекеттік) және логотиптер (ілім, сөз).  

  Саясаттану бұл адам, мемлекет және қоғамның құрылуы, биліктің қалыптасуы туралы жүйелі түсінік беретін ғылым. Саясаттану үш аспект, адам, қоғам және мемлекет арасындағы қарым-қатынас туралы дүниетаным. Саясаттанудың міндеттері - саясат пен саяси қызмет туралы білімді қалыптастыру; саяси процесстер мен құбылыстарды, саяси дамуды түсіндіру және болжау. Саясаттану қоғам мүшелерінің, яғни барлық адамдардың саяси сауаттылығын арттыру арқылы, мемлекеттерде болып жатқан саяси процесстердің дұрыс әрі әділетті өтуін өзіне мақсат ретінде қояды. Адамның саяси білімі бола тұра, әлемде және мемлекетінде болып жатқан процесстерге рационалды тұрғыда баға бере алады.

  Саясаттанудың парадигмалары болады. Парадигма дегеніміз не? Парадигма (грек тілінен – мысаль, модель, үлгі) бір нәрсеге қалыптасқан ережелер, қағидалар мен түсініктер жиынтығы. Яғни, бұл ойлау шаблоны. Парадигма қандай да бір саяси құбылысты зерттей отырып, осы зерттеудің бағытын анықтайды. Саясаттанудың парадигмалары көбінесе табиғаттан тыс, табиғи және әлеуметтік факторларға сүйенеді. Олар: теологиялық, натуралисттік және әлеуметтік-центристтік парадигмалар.

   Енді теологиялыққа түсініктеме берейік. Барлығы білетіндей, қоғамның өмір сүруінің алғашқы кезеңдерінде адамдардың әлеуметтік байланыстары мен мінез-құлқының қайнар көздері негізінен адам өмірінің Құдайлық бастауы туралы ілім аясында түсіндірілді: Құдай жердегі тәртіптерді толығымен анықтайды, күш-қуат беріп, адамға бұйрық береді.Мысалы,Ежелгі Вавилон патшасы Хаммурапи өзінін асатаяғың Шамаш Құдайынан алуы-билік Құдайдан берілген деген мағынаны береді. Яғни, билік те, халық та табиғаттан тыс күштерге тәуелді болды. Олар өз-өздеріне басшы болу туралы тіпті ойлай алмады. Бұл парадигманың аясында адамның бұл өмірдегі жалғыз мақсаты – Құдайдың қалауының жер бетіне таратылып, жүзеге асуына септігін тигізу болды. Бұл парадигманың өзінің кемшіліктері  болды. Олардың ең негізгісі – діни қызметкерлер мен мемлекет билеушілері бұл түсініктерді халықты алдап-арбау арқылы өзінің пайдасын көру үшін қолданды. Мысалы, шіркеулер өзінің адал емес мақсаттарын «Құдайдың қалауы» деп, теологиялық шаблоннан тыс ойлай алмаған қарапайым халықтың соңғы тиын-тебенін жинап алып отырды. Онымен қоса, шіркеудің айтқанына қарсы шыққан кез-келген адамды жазалады, ал қарапайым халық осы жазалауларды қолдады. Мысалы, Коперник шіркеудің насихаттаған геоцентристтік әлем тұжырымының қателігін дәлелдеп, гелиоцентристтік әлем тұжырымын ұсынды. Қысқаша айтқанда, ол діни өкілдер айтқандай жердің әлем ортасы екендігімен келіспеді. Сол үшін ол 1600 жылы тірідей өртеледі. Оның себебі, шіркеу халық арасында сенімін жоғалтқысы келмеді. Ал егер де Коперниктің теориясы халық арасында мойындалса, шіркеудің айтқанының барлығына халық күмәнмен қарай бастаушы еді. Менің ойымша, бұл парадигманың негізінде логикалық және рационалды ойлау жатқан жоқ. Тек белгілі бір жоғарғы күштерге наным-сенім негізінде қалыптасқан.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (78.6 Kb)   docx (11.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club