Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат

Автор:   •  Октябрь 29, 2021  •  Реферат  •  1,042 Слов (5 Страниц)  •  226 Просмотры

Страница 1 из 5

Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат     

Патент - арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенің растайтын құжат болып табылады. Арнаулы салық режимін қолдануға арналған патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Патент жоғалған немесе бүлінген жағдайда салық төлеушінің өтініші бойынша дубликат беріледі. Салық төлеуші бүлінген патентті салық органыңа тапсыруға тиіс. Берілген патенттерді тіркеуді салық органдарының нысандары мен оларды толтыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген патенттерді тіркеу (беру) журналында жүргізеді.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін жалдамалы кызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, жеке кәсіпкерлік нысаныңдағы кызметті жүзеге асыратын және жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.

Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органыңа кызмет түрін көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Кезекті патент алу үшін өтініш алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі аякталғанға дейін ұсынылады. Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

Жеке кәсіпкер лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда ол мұндай кызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау жөніңдегі қызметті жүзеге асырған жағдайда жеке кәсіпкер патент алуға берген өтінішінде тасымалдау түрін көрсетуге міндетті. Автомобильмен тасымалдау түрлерінің Қазақстан Рес- публикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуін автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

Жеке кәсіпкер патенттің құның есептеуді мәлімделген кірістің 3 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің күны жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде бірдей үлеспен, б.а. патент кұныңың 1/2 бөлігі мөлшерінде жеке табыс салығы, соңдай-ақ әлеуметтік аударымдар сомасын алып тастағаннан кейінгі патент кұныңың 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салықтүрінде бюджетке төленуге тиіс.

Нақтылы табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жүмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орныңа оған нақты табысы көрсетілген жаңа патент беріледі. Ал нақтылы табыс патенталған кезде мәлімделген та- быстан төмен болған жағдайда, артық төленген патенттің қүны салық төлеушінің өтініші бойынша салық органы жүргізген нометраждық зерттеуден кейін кайтарылады.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған ретте салықтөлеуші өтініш негізінде онайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне  салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне ауысады. Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туыңдаған кезде беріледі.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

  • 1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
  •       2) қызметiн жеке кәсіпкерлiк нысанында жүзеге асыратын;
  •       3) мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
  •       сылақ жұмыстарын;
  •       ағаш ұсталығы мен ағаш шеберлігі жұмыстарын;
  •       еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
  •       бояу және шынылау жұмыстарын;
  •       такси қызметін;
  •       автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
  •       сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
  • музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
  •       үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолдануға құқылы.

Бағалы қағаздар –бұл мүліктік құқықты куәландыратын арнайы рәсмделген қаржылық құжат. 

...

Скачать:   txt (14.2 Kb)   pdf (122.8 Kb)   docx (12.1 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club