Қазақ жері үшін күрескен алаштың арыстары
Автор: Inabat • Февраль 15, 2018 • Реферат • 4,994 Слов (20 Страниц) • 1,250 Просмотры
Жоспар:
КІРІСПЕ
1. Қазақ интелегенциясының мемлекет құру идеясы
1.1 Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы
1.2. ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенция қызметінің бағыт-бағдарлары.
1.3. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қозғалыстар
2. Қазақ жері үшін күрескен алаштың арыстары
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи даму жолындағы ең маңызды оқиға — еліміздің ғасырлар тоғысында, яғни ХХ ғасыр табалдырығында тәуелсіздікке қол жеткізуі. Халқымыздың ешкімге бағынышты болмай, дербес мемлекет болу жолында Алаштың талай арыстары жанын қиды. Осындай дәрежеге жету үшін азат еліміздің тәуелсіздігі жолында тарихи ерен қызмет атқарғандар қатарында рухани қазынаны жасаушылар — қазақ зиялыларының орны ерекше. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Тақырыптың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Қай елде болмасын халқының қамын жеп, елінің болашағын жарқын етуге шынайы талпынып, адамдық борышын адал өтеп жүрген азаматтар қатары сирек болса да бар. Оларды біз – көзі ашық немесе интеллигентті адамдар деп жатамыз. Бұл жұмыстың басты мақсаты сол көзі ашық, интелегентті қазақ зиялыларының қазіргі егеменді ел үшін аз тер төкпегендерін, тіпті сол үшін өз өмірлерін қиюға тура келгендерін, біздің қазіргі өскелең ұрпаққа жеткізу, оқыту. Бұндай тәуелсіз ел оңайлықпен келмегендігін түсіндіре білу. Тақырыптың міндеті: - ХХ ғасырдағы ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің бағыт-бағдарларын қарастыру; - Қазақ интелегенциясының мемлекет құру идеясын және ұлттық идеяны көтерудегі маңызды рөлін қарастыру; Құрылымы: Бұл өздік жұмысы кіріспе және басты екі тақырыптан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
...