Әкімшілік құқықтық жауапкершілік ұғымы,белгі-нышандары және принциптері
Автор: Meyirim • Декабрь 2, 2024 • Доклад • 527 Слов (3 Страниц) • 4 Просмотры
Әкімшілік құқықтық жауапкершілік ұғымы,белгі-нышандары
және принциптері
Әкімшілік жауапкершілік-қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты сақтауда маңызды рөл атқаратын құқықтық реттеудің негізгі категорияларының бірі болып табылады. Ол құқықбұзушылықтардың кең ауқымын қамтиды,қылмыстық құқық бұзушылық деңгейіне көтерілмейді.соған қарамастан тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттің араласуын талап етеді.
Үндістан Ұлттық-азаттық қозғалысының идеологы әрі жетекшілерінің бірі Махатма Ганди: «Күш-жазалау қабілеті емес,өзгерістер енгізу қабілеті» бұл цитатаны ары қарай жалғастыратын болсам,яғни әкімшілік құқықтық жауапкершілік билікті қысым көрсету үшін емес,қоғамға қызмет ету әрі сенімді нығайту және әрбір шешімнің негізі-әділдік пен заң болатындай жағдай жасау үшін пайдалану.
Әкімшілік құқықтық жауапкершілік — бұл мемлекеттің әкімшілік құқық бұзушылықпен келтірілген зиянға әрекеті, әкімшілік құқықтық норманың бұзылуына мемлекеттік баға беру.Жалпы мағынада айтып кетсем,әкімшілік заңнаманы бұзған кінәлі тұлғаларға қолданылатын шараларды жиынтығы.Бұл шаралардың тізіміне айыппұл,құқықтан айыру немесе әкімшілік қамаққа алу сияқты қатаң санкцияларды қамтуы мүмкін.
Қоғамдық қатынастарды реттеу құралы ретінде әкімшілік-құқықтық жауапкершіліктің қажеттілігі туралы пікір барған сайын өзекті бола түсуде. Құқықбұзушылықтың саны артып отырған бүгінгі қоғамда әкімшілік нормалардың анық, түсінікті болуы маңызды.Менің ойымша,бұл азаматтарға өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ оларды бұзудың салдарын білуге мүмкіндік береді. Алайда, оның маңыздылығына қарамастан, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік бірқатар қарама-қайшылықтармен бірге жүреді.
Кейбір сыншыл адамдар мемлекеттік органдар тарапынан,құқықбұзушылқытарға қолданылатын заңдарды және жазаларды өз бетінше қолдану орын алады деп ойлайды.Сондай-ақ әкімшілік кодекстегі санкциялар көбінесе олардың алдын алу функциясын орындау үшін жеткілікті түрде қатаң емес деген пікір бар.
Әкімшілік құқықтық жауапкершіліктің белгілері:
-құқық бұзушыға заңды «зиян» келтірумен сипатталады және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады;
...