Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және ерекшеліктері
Автор: Symbat_789 • Май 20, 2019 • Курсовая работа • 4,226 Слов (17 Страниц) • 1,144 Просмотры
Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………...3
І. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және
ерекшеліктері
1.2. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі........................5
1.2. Әкімшілік құқықтық нормалардың негізгі мақсаты
мен мазмұны………………………...……………………….12
- Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
- Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері және жіктелу негіздері…………………………………………………….15
Қорытынды……………………………..………………………...24
Пайдаланылған әдебиеттер……………..……………………....26
Кіріспе
Бұрынғы Кеңестер Одағы кезінде, яғни тоталитарлық мемлекет орнап тұрған уақытта әкімшілік құқық пен оның нормаларының бастапқы мазмұнын мен мәні қоғам алдында осы құқық саласы туралы жағымсыз пікір қалыптасқаны белгілі. Ең алдымен оған себеп болған сол кездегі идеологиялық бұрмалаушылықтың нәтижесі еді. Сол кездері жалпы әкімшілік құқықтың нормаларының мазмұны және жалпы мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты мүлдем басқа жат көрініске ие болған болатынды.
Дәлірек айтқанда сол тоталитарлық мемлекет әкімшілік құқықтың басқару принциптерін бұрмалау арқылы қоғамнының барлық саласына оны тұтастай ендіріп қатал әрі аяусыз құқықтық құралы ретінде оны ашықтан-ашық қолданған болатын.
Міне, бәлкім сол себептерден де болар біздің қоғамда әліде болса әкімшілік құқыққа деген көзқарас ең алдымен мемлекеттік билікті қатал жүргізу ұғымымен теңдей қалыптасып кеткенді.
Қазір Қазақстан Республиксы өзінің демократиялық даму кезеңін бастан кешіріп отыр, сондықтан да қоғамдағы көптеген құбылыстарға қайта қаралып құндылықтарға қайта баға берілуде.
Міне, енді сол қайта бағалау құбылысы әкімшілік құқыққа деген көзқарасты да өзгерте бастады деуге болады.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы әкімшілік құқық нормаларының құрылымын, мазмұнын және өзіне тән ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан жан-жақты қарастыруды өзіме мақсат етіп белгілеп отырмын.
Ал енді осы тақырыптың өзектілігіне, яғни актуальдығы туралы ой қозғар болсақ оны мынабір жайлармен негіздеуге болады деп ойлаймын.
Бұл аталған тақырыптың өзектілігі жалпы біздің қоғамда әкімшілік құқыққа деген көзқарастың дұрыс қалыптаспауынан тікелей туындауы мүмкін деуге толық негіз бар, себебі ұзақ жылдар бойы біздің қоғам тұтастай тотолитарлық режим құрсауында болғандықтан бүгінгі күні әкімшілк құқық пен оның нормаларын жаңа қырынан көрсете білу өте бір өзекті мәселе деп тануға болады.
І. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі және
ерекшеліктері.
1.2. Әкімшілік құқықтық нормаларының түсінігі
Кез келген құқық саласы құқық нормаларынан тұратыны белгілі сол сияқты әкімшілік құқықтық та өзіндік мазмұны бар ерекше нормалардан құралған. Мен өзімнің курстық жұмысымда ең алдымен осы әкімшілік құқық нормаларына түсінік беріп оларға толығырақ тоқталып кетпесем деп едім, олай болмаған ретте, біздер қарастыруды мақсат етіп отырған тақырыптың теориялық мәні толыққанды ашылмас деп ойлаймын.
Осы тақырыпты талдау барысында мен ең алдымен әкімшілік құқықтық нормалардың мазмұнына және ішкі құрылымдық сипатына тереңірек көңіл қойдым.
Жалпы әкімшілік құқық нормаларының мазмұны мен мәнін және ерекшеліктерін жете ұғыну үшін ең алдымен теориялық тұрғыдан мына критерилерге толығырақ тоқтала кету керек деп білемін.
Осындай критерилер ретінде төмендегі белгілер бөле қарауға толық негіздер бар деп санаймын, мысалы олар құқық нормаларының:
- мазмұны;
- субъектілерге әсер ету тәсілдері;
- мақсатты бағытының болуы;
- нақты ықпал ету аясының болуы;
- заңдылық күшінің болуы;
- ықпал етуінің кеңістікте, уақыт аралығында және субъектілерге байланысты белгілі бір шегінің болуы және тағы басқа жағдайлар;
Ең алдымен айта кетер бір жай ол осы түрлі әкімшілік құқық нормаларынан құралған әкімшілік құқықтық актілердің күрделі әкімшілік басқару саласымен тығыз байланысты болатындығы. Сол себептен де әкімшілік құқықтық нормалары өзінің мазмұны бойынша құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда айрықша өзіндік ерекше сипатқа ие.
...