Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналар
Автор: nazarali • Март 4, 2021 • Практическая работа • 3,691 Слов (15 Страниц) • 939 Просмотры
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналар
Жұмыстың мақсаты: Минералды тыңайтқыштарды дайындауға және себуге арналған машиналармен танысу, оларға қойылатын агротехникалық талаптарды оқып білу.
Қолданылатын құрал- жабдықтар: эксперименталды макет.
Пайдалынатын әдебиет: Воронов Ю.И., Ковалев Л.Н., Устинов А.Н., «Ауыл шаруашылығы машиналары» - Алматы мектеп, аударма 1988ж.;
Қосымша әдебиеттер:
1) Карпенко А.Н., Зеленов А.А. «Ауыл шаруашылығы машиналары» - М., Колос, 1989 -527б;
2) Алшынбаев М., Әлиев Б. «Ауыл шаруашылығы машиналары» - Алматы, Қайнар, 1979ж.;
3) Макев М.К., Чирков Н.Е., «Комбайншының анықтамалығы», аударма - Алматы, Қайнар, 1979ж.;
4) Мыңбаев К.Н. және басқалары «Ауыл шаруашылығын механикаландырудың орысша-қазақша сөздігі» - Алматы, Қайнар, 1983ж.
Есеп беру:
1. Минералды тыңайтқыштарын себу тәсілдері, машина типтері. Агротехникалық талаптар (оқып білу, машина типтері мен агротехникалық талаптарын жазу). Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтғыш енгізуде: негізгі енгізу, егу үстінде және үстеп қоректендіру деп аталатын үш әдісі бар. Негізгі енгізу әдісі де тыңайтқыш сүдігер көтерілген немесе көктемде жыртылған жерлерге, сондай - ақ топырақты тұқым себер алдында өңдеу кезеңінде сіңіріледі. Ол үшін минералды және органикалық тыңайтқыш немесе органикалық - минералды қоспалар топырақты өңдеу алдында егістікке біркелкі етіліп бөлінеді.
Минералды тыңайтқышты енгізу үшін өнеркәсібіміз жүк көтергіштің 4 т тіркемелі 1 - РМГ - 4, жүк көтергіштігі 6 т РМС - 6, жүк көтергіштігі 10 т РУМ - 8, автомобилъді КСА - 3 деп аталатын үйлестірілген кузовты ортадан тепкіш себелеуіштер шығарады. Бұл машиналардың тыңайтқышты кузовтан себелеуіш дискіге шығаратын ілгерілмелі жылдамдықты агрегаты бар синхронды конвейер жетегі болады. Себелеуіш дискілер гидрожетек арқылы айналады. Бұл машина конструкциясын оңайлатады. РМС - 6 себелеуіші тау беткейлеріне тыңайтқыш енгізудің қол еңбегін механикаландыруға мүмкіндік береді.
Егу үстінде минералды тыңайтқыш енгізуге құлама сеялкалар мен отырғызғыштар қолданылады. Тыңайтқыш тұққыммен бірге сол қатарға, ұяға немесе әр түрлі қатарға енгізіле береді. Кейбірде тыңайтқыш енгізілетін қатар тұқым себілетін қатардан 1, 5 - 2 см қашықтықта да болады.
Минералды тыңайтқышты ұсақтау, араластыру және тиеу үшін нығыздалып қалған тыңайтқышты ұсақтап, араластвратын ИСУ - 4 ұсақтап - араластырғыш, СЗУ - 20 араластырғыш - тиеуіш, автомобильге тіркелетін ЗСА - 40сеялка тиеуіші кең тараған. Самолеттерге, вертолеттерге тыңайтқыш тракторға тіркелетін ПБ - 35, ПФ - 0, 5 ИФ - 0, 75 тиеуіштерімен тіркеледі. Бұл тиеуіштер сол үшін арнайы тетіктермен жабдықталған.
ИСУ - 4 минералды тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты ұсақтап - араластырғыш түрлі тыңайтқышты енгізер алдында араластыруға, тыңайтқышты шашумен бір мезгілде шаруашылық жолымен табылған немесе жатып қалған завод тыңайтқыштары мен әкті ұсақтауға арналған. Машина МТЗ - 80/82 және Т -40М тракторының агрегатында жұмыс істеуге есептелінген.
Ұсақтап - араластырғыш рамадан (1) кеңіткіші бар (8) бункерден (6), ұнтақтау апаратынан (9), бұр конвейерінен (7), жетек механизімінен тұрады. Тыңайтқыш себу нормасы шамамен 40 - 2000кг/га, сидерат себу нормасы 8 - 150кг/га. Агрегат жүрісінің жұмыс істеу жылдамдығы 6 - 12 км/сағ. 1 - РМГ - 4 минералды тыңайтқыш себелеуші – бір осьті, жартылай аспалы машина. Ол минералды тыңайтқыш пен әк материалдарын топырақ бетіне себуге арналған. МТЗ - тракторының барлық өзгертілген түрлерімен агрегатталады
2. Тыңайтқышты себуге дайындайтын машиналар. Қолданылуы, құрылысы, жұмыс процесі мен реттеулері (оқып білу, қысқаша жазу, техникалық сипаттама құру).
а) АИР-20 агрегаты- AIR-20 ұнтақтағыш-түсіру қондырғысы қап ыдыстарын бір уақытта алып тастай отырып, тыңайтқыштарды түсіруге, тортталған тыңайтқыштарды ұсақтауға және елеуге арналған. Бұл жартылай тіркеме, оған бункер , ұсақтайтын қондырғы мен қоректендіргішпен орнатылған. Чоппер біреуін екіншісіне қарай айналдыратын барабаннан және серіппелі қарсы тақтадан тұрады
...