Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жемiстер мен көкөнiстер сақталғыштығының биологиялық негiздерi. Екіжылдық көкөністер сақталғыштығы

Автор:   •  Апрель 22, 2022  •  Реферат  •  900 Слов (4 Страниц)  •  346 Просмотры

Страница 1 из 4

2 дәріс. 

Тақырып: ″Жемiстер мен көкөнiстер сақталғыштығының биологиялық негiздерi. Екіжылдық көкөністер сақталғыштығы.″

Мақсаты мен міндеттері: Жемiстер мен көкөнiстер сақталғыштығының көрсеткіштерімен танысу. Еліжылдық көкөністер сақталғыштығының биологиялық негiздерiн игеру.

Дәріс жоспары

1. Жемістер мен көкөністердің сақтауға жарамдылығының ұғымдары

2. Картоп пен екіжылдық көкөністердің сақталғыштығының негіздері

3. Жапырақты көкөністердің, жидектердің, сүйекті жемістердің сақталғыштығы

Негізгі және қосымша әдебиет

1. Широков Е.П. Технология хранения и переработки плодов и овощей с основами стандартизации. - М.: 1988

2. Бобров Л.Г. Хранение картофеля и овощей в условиях Казахстана. Алматы, 1982.

Дәрістің қысқаша тезисі

1. Жемістер мен көкөністердің сақтауға жарамдылығының ұғымдары

Жемістер мен көкөністердің ұзақ уақыт сақтауға жарамдылығы екі көрсеткішпен  сипатталанады: сақталғыштық және сақталым.

        Сақталғыштық – жемістер мен көкөністер сорттарының көп шығынсыз сапасы көзге көрінерлік төмендемей, белгілі уақыт сақталу қабілеті.

        Бұл жемістер мен көкөністерінің өте маңызды шаруашылықы және биологиялық көрсеткіші. Стандарттарға кіргізіліп өнім сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып есептелінеді.

        Сақталғыштықтың мөлшерін сан арқылы білдіру үшін қолайлы экологиялық және агротехникалық жағдайда өсірілген өнімнің ең жақсы сақтау жағдайларында  10% шығын бергенінше сақталатын уақыты.

        Мысалы: Апорттың сақталғыштығы 5 ай дегеніміз - өте қолайлы өзіне үйлесімді жағдайда өсіріп, сақталған Апорттың 5 ай сақталғаннан кейінгі жалпы шығыны 10%-дан аспау керек.

        Сақталғыштық әрбір сортың тек қана тұқым қуалаушылық қасиетіне байланысты тұрақты көрсеткіші.

        Сақталымы - әрбір сорттың нақтылы өсіру және сақтау жағдайларына байланысты өзгерген сақталғыштығы. Сорттың сақталымы оның тұқым қуалаушылық қасиетімен қатар, өсу және сақтау жағдайларына байланысты болады.

        Сорттың нақтылы өсу және сақтау жағдайлары қолайсыздау болса, оның сақталымы стандартта көрсетілген сақталғыштығынан төмендеу келеді. Сорттың сақталымы сан арқылы білдіру үшін, оның сақталған уақыты және шыққан шығынның мөлшері көрсетіледі.

        Жемістер мен көкөністер – сақтау объектісінің ерекше тобы. Олардың басқа өсімдіктерден айырмашылығы – құрамында судың көптігі.

        Құрамында су мөлшерінің көптігі төменгі жағдайларға себепші болады:

        1. Зат алмасу процесінің жылдамдығы жоғары болуына байланысты, жемістер мен көкөністердің тез пісіп кету, ескіру, тауарлық сапасы мен дәмдік құндылығы төмендеу процестері де тездетіледі.

        2. Жемістер мен көкөністердің құрамындағы судың булануы басқа өсімдіктерге қарағанда жоғарылау болады.

        Су булануы осымен қатар ауаның ылғалдылығына, жеміс қабықтарының қалыңдығына байланысты.

        3. Жемістер мен көкөністердің микробиологиялық ауруларға қарсы төзімділігі төмен келеді. Өйткені олардың суы көп шырынды жұмсағы микрорганизмдердің дамып, көбеюіне - өте қолайлы орта.

        Осы себептерден жемістер мен көкөністерді сақтау өте қиын, ерекше жағдайларды, әдейі арналған технологиялар мен қоймаларды талап етеді.

Сақталғыштығына байланысты жемістер мен көкөністер үш топқа бөлінеді:

  1. Екіжылдық көкөністер және картоп;
  2. Шекілдеуікті жемістер және жемісті көкөністер;
  3. Жапырақты көкөністер, жидектер және сүйекті жемістер.

2. Картоп пен екіжылдық көкөністер сақталғыштығының негіздері. Картоп пен екіжылдық көкөністердің сақтау объектісі ретінде өсімдіктердің қор жиғыш мүшелері – яғни түйнектері болып келеді, ішінде орналасқан бүршіктерімен бірге.

...

Скачать:   txt (12.6 Kb)   pdf (74.2 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club