Физиканы оқытудың педагогикалық тиімділігін арттыру мақсатында шағын жинақталған мектептерді оқу базасын жетілдірудің жолдары мен тәсі
Автор: merts • Декабрь 10, 2018 • Реферат • 2,311 Слов (10 Страниц) • 916 Просмотры
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру байқауына қатысуға
Өтінім
1. Жалпы ақпарат
2. Жоба тақырыбының атауы «Физиканы оқытудың педагогикалық тиімділігін арттыру мақсатында шағын жинақталған мектептерді оқу базасын жетілдірудің жолдары мен тәсілдері»
3. Жобаның ЖТН-і
4. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы.
5. Ғылыми жаңашылдық және жобаның маңызы
6. Өтінім берілетін арнайы ғылыми бағыттың атауы 6.2. XXI ғасырдың білім беру мәселелерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері
7. Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы: 03.09.2018-31.12.2019ж.
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім. Жоғары сапалы білім жүйесі еліміздегі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептелінеді.
Шағын жинақталған мектептерді дамыту тұжырымдамасы ағымдағы білім туралы мемлекеттік құжаттармен бірге Қазақстандағы білім саясатын жүзеге асырудың негізін құрайды деп есептейміз.
Шағын жинақталған мектептерге арналған мемелекеттік стратегияның мақсаты – ұлттық шағын жинақталған мектептерге жағдай жасап, ондағы білім сапасын көтеру. Осыған орай, Елбасының 5 қазан 2018 ж Халыққа жолдауында, шағын жинақталған мектептердің ахуалына тоқтала отырып: «Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды»-деп атап өтті.
Қазіргі таңдағы білім беруді реформалау мен жаңа модельге көшу жағдайында ауыл шағын жинақталған мектептері әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін шешіп те отыр. Ауыл мектептері ауыл жастарының орнығуы мен дамуына, тұрғындардың мәдени деңгейінің артуына, демографиялық мәселелердің шешім табуына ықпал ете отырып, сонымен бірге экономиканың ауыл шаруышылық секторының дамуында да маңызды рөл атқарады. Осыған орай ауыл шағын жинақталған мектептерінің жұмысын жақсарту, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру – әлеуметтік-экономикалық, әрі педагогикалық мәселе болып табылады.
Шағын жинақталған мектеп тек қана сынып жинақтамалары ғана емес, сонымен қатар оқушы саны аз сыныптар. Оқушы саны аз сыныптарда оқу уақыты жеткілікті; саралап, даралап оқытуға мүмкіндіктер мол. Шағын жинақталған мектептер қазақ халқының салт-дәстүрінің, әдеп-ғұрыптарының ұйтқысы. Сондықтан шағын жинақталған мектептер ұлттық дәстүрлердің, адамгершілік құндылықтардың озық үлгілерін сақтаған, болашақ азаматтық қоғамның “мәдени орталығы” болып саналады.
2. Жобаның мақсаты
Қойылған мақсатқа жету ЖОО-да және мектептерде физиканы оқытудың сапасын, білім беруді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық байланысын арттырады. Шағын жинақталған мектептерде– жеке тұлғаны жалпы азаматтық және ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оның әлеуметтік жағынан өзін тануына тиімді жағдайлар туғызу.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді орындауы тиіс:
- шағын жинақталған мектеп оқушыларына жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру;
- мектеп түлегінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;
- қабілеттерін дамыту, өмір бойы үздіксіз білім алуын, өз бетімен білімін жетілдіруін қалыптастыру;
- ауыл шаруашылығы мамандығына бағытталып, ауыл мәдениетін, экономикасын дамытуға үлес қосуы.
- өз бойында жеке басы мен қоғамдық мүдделерді дұрыс үйлестіре алатын жеке тұлғаның ақыл-ойын, адамгершілік жәнедене тұрпатын дамытудың негіздерін қалау;
- жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін, өздігінен дамуы, білім алуын қамтамасыз ету, жүйелі оқуға деген тұрақты тілегі мен іскерлігін қалыптастыру, өз білімін үнемі жетілдіріп, тереңдетіп отыруына мүмкіндік беру;
- оқытудың практикалық бағытын күшейте отырып, оқушыларда “адам”, “табиғат”, “қоғам” туралы базалық білім қалыптастыру;
- оқушылардың білім мен іскерлік дағдыларын толық меңгеруінен, олардың талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған саралап, даралап оқыту принциптерін қолдану;
- оқушылардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін, басқа халықтардың тілі мен дәстүрін сыйлауын дарыту;
- оқушылар бойындаұлттық рухты қалыптастыру, ұлттық мақтаныш сезімін, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, тіліне тарихына құрметпен қарауын қамтамасыз ету;
3. Жобаның міндеттері
Мұғалімнің зерттеу нысаны оқушы болғандықтан сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтылуы керек.
...