Шығыс халықтарына тиесілі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың сақталу мәселесі
Автор: aruzhan.makaram • Ноябрь 14, 2021 • Курсовая работа • 8,977 Слов (36 Страниц) • 292 Просмотры
Жоспары:
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
I тарау. Орта ғасырдағы Шығыс қолжазбалары мен кітаптарына талдау жүргізу................................................................................................................4-12
- Ерте Орта ғасырдағы (VI-X ғғ.) шығыс ғалымдары және сирек кітаптар мен қолжазбалардың мұрасы..............................................................................4-7
- Қазақ хандығы тұсында жарық көрген еңбектер мен оларға байланысты жүргізілген зерттеулер.......................................................................................7-12
II тарау. Шығыс халықтарына тиесілі сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалардың сақталу мәселесі..............................................................13-28
2.1. Осы кезеңге тән кітаптар мен қолжазбалардың біздің еліміздегі кітапханалар мен мәдени мекемелердегі сақталуы мен алатын орны.......13-18
2.2. Шығыс халықтарына ортақ баға жетпес мұра байлықтарға кеңінен тоқталу, соның ішінде Құтты білік поэмасының берер ойы мен зерттелу деңгейі...............................................................................................................18-25
2.3. Орта ғасырлардың мәдени үлгілерді жинақтау мен сақтау мәселелерін шешу жолында атқарылып жатырған жұмыстар..........................................25-28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................30-31
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда сирек кітаптар мен қолжазбаларды жинау мен сақтау мәселесі жаңа деңгейге көтеріліп, бірқатар мекемелер мен ғалымдар осы мәселені зерттеуде. Қазақ халқының рухани мәдениетінің асыл мұраларының бірі сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан түрлі сирек басылымдардың түп нұсқалары – бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, әртүрлі тілдерде жазылған баға жетпес, құнды жәдігерлер.
Қолжазбалар қазақ халқының тарихын бейнелейтін құнды деректер болып табылады. Дегенмен, мұндай қолжазбалар әлем елдеріне шашырап кеткен. Біз деректермен жұмыс істеуді білмей, қолдағы барларды айналымға енгізе алмаймыз. Сондай-ақ шежіре, дерек жинаумен, зерттеумен айналысатын бірде-бір мекеме жоқ. Мысалы, славяндарда көп жылдар бойы жылнама жазу тарихты жазудың формасы болып келді. ХҮІІІ ғасырда жылнама жазу тоқтап, таза дерек көзіне айналды. Содан бастап жылнаматану ғылымы қалыптасты. Орыс ғалымдары 200 жылдам астам уақыт жылнама жазу ісімен айналысқан. Ал біз әлі күнге дейін дайын шежіремізді түгендей алмай отырмыз. Осыдан-ақ жағдайдың қаншалықты мүшкіл екенін білуге болады. Қазақ тарихына дәл қазақтың өзіндей ешкімнің жаны ашымайды. Сондықтан бұл салада, ең алдымен, кадр дайындауды жолға қою керек. Осы жайлы белгілі тарихшы Қамбар Атабаев «Қазақстанда деректану ғылымын қолға алу керек. Бұл ғылымды дамытпай, біз қолжазба жинау мәселесімен дұрыс айналыса алмаймыз»,- дейді. Ғалымның сөзіне қарағанда, қазақ халқының тарихында өткенкеткеніне қатысты деректер жеткілікті, бірақ оны тану жұмыстары көңіл көншітпейді [25].
Қазақстанда сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды жинау мәселесі өте күрделі жағдайда. Оларды бір орталықтан бақылап, түгендеп отыратын жүйе әлі күнге дейін жолға қойылмай келеді. Осындай ықтиярсыздық салдарынан құнды жәдігерлеріміз шетелдерде сақталған, ал өз елімізде барлары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатыр. Ал бір бөлігі жөндеу жұмыстары қолға алынбағандықтан, ескіріп, жоқ болуға айналуда. Бүгінде қолда барымызды игере алмай отырмыз. Оған себеп: сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды өңдеп, сұрыптап, сақтау мәселесімен айналысатын мамандар тапшы. Себебі: Қазақстанда аталған мамандыққа оқытатын арнайы оқу орны не факультет жоқ. Сондықтан бізде тек тарих, кітапхана басқа да факультеттерді бітірген мамандар айналысуда. Ғалымдарымыз да, кітапханашыларымыз да елдегі кітапханаларда сирек кездесетін кітаптардың және қолжазбалардың, жәдігерлеріміздің қайда сақтаулы тұрғанын толық білмейді.
...