Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сақтандыру шарты: жүйесі мен түрлері

Автор:   •  Сентябрь 12, 2019  •  Курсовая работа  •  8,522 Слов (35 Страниц)  •  766 Просмотры

Страница 1 из 35

Жоспары

Кіріспе        3

1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер        4

1.1. Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі        4

1.2. Сақтандыру жүйесінің негізгі түсініктері         6

2. Сақтандыру шарты: жүйесі мен түрлері        12

2.1. Сақтандыру шартының нысаны, элементтері, объектісі және  мазмұны        12

2.2. Кейбір сақтандыру шарттарының ерекшеліктері        26

Қорытынды        30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        31

        

        

        

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы сақтандыру шарты болып келеді.Курстық жұмыстың мақсаты: бізге сақтандыру шартының ұғымын, оның түрлерін,элементтерін,объектісі мен субъектісі жайлы жалпы мағұлмат беріп, әр қайсысына жеке-жеке тоқталып кету.

Қазіргі жағдайда сақтандыру – бұл өмірдің әртүрлі салаларында барынша жиі болатын жағдайлардың теріс әсерінен заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.

Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, сел және осылар сияқты т.б. жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылу мүмкіндігінен сақтануды қалайды. Кәсіпкерліктің дамуы тиісінше тәуекелдердің өсе түсуіне әкелді, олар іскерліктегі әріптестердің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар (құндылықтар) кенет өзгеріп кетуіне, шарт бойынша әріптестердің банкротқа ұшырауына байланысты болуы мүмкін шығындар болады. Өз кезегінде бұл сақтандырудың дамуына қосымша түрткі болды. Уақыт ағымында мұндай қажеттілік азаймайды, керісінше азаматтар мүліктік жағдайы жақсаруының және кәсіпкерлік дамуының салдарынан сақтандырудағы қажеттілік одан әрі өсе түседі.

Айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен № 491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген (аталған).

Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру (компенсациялық) міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау – қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет.

Сонымен жалпы алғанда сақтандырудың нормативтік-құқықтық негізі белгілі дәрежеде қалыптасты, сақтандыру нарығы жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Осы ретте сақтандыру компанияларының өзге тұлғалармен қарым-қатынасқа түсуі сақтандыру шарттары арқылы іске асырылады. Сондықтан сақтандыру шарттарының жүйесін, оның түрлерін, жасалу барысын егжей-тегжейлі қарастыру маңызды мәселенің бірі болып табылады.

1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер

1.1. Сақтандыру және оның заңнамалық тұрғыдан негізделуі

Сақтандырудың мәні бірқатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар, әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтан-дыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмін пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.

...

Скачать:   txt (138 Kb)   pdf (329.2 Kb)   docx (47.1 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club